Қордай имам-молдаларының қыркүйек айы бойынша қорытынды жиналысы

Қордай имам-молдаларының қыркүйек айы бойынша қорытынды жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ай сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша аудандық «Қордай» мешіті жиналыс залында аудан бойынша имам-молдалардың қыркүйек айының қорытынды есебіне арналған жиналысы өтті. Ауыл имамдарының өтіп кеткен айдағы атқарған жұмыстары бойынша аудан бас имамы Ә.Шалбай есептерін тыңдап, орындалмай қалған кейбір тапсырмаларды атқаруға бұйрық беріп, кейбір мәселерді әлі де пысықтау қажеттігіне тоқтала келе, Тараз қаласына іс-сапармен келген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сапары жайлы ауыл имамдарына хабарлап, жақсы жетістіктер мен қызу жұмыстың куәгері болғаны жеткізді.

 

Дүйсенбі күні өкіл имам Д.Жұмабаевтың қатысуымен болған аудан имамдарының жиналысы жайлы сөз қозғап өтіп нақты тапсырмалар жүктеді. Нақтылап айтсақ, ең өзекті мәселе ол әрине иісі мұсылман адамға қымбат болған ұлы да ұлағатты мереке құрбан айтқа дайындық. Құрбан айт мерекесіне мешіттерді безендіруге, айналасын тазалап сенбіліктер ұйымдастыруға шақырды. Мешіт тарапынан мерекелік жағдай жасап, мүмкіндігінше өзге мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қол ұшын беруге шақырды. Әрине осы мәселелердің барысында мешіт аумағындағы қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлуде қатаң қадағалауды міндеттеді. ҚМДБ тарапынан жастар бөлімі құрылғанын айтып, аудан бойынша әрбір имам жастармен жұмыс үдерісін бәсеңдетпей қайта күшейтуге шақырды. Өйткені бүгінгі жас, ертеңгі ел келешегі екенін еске салды.

 

Осы мақсатта түрлі жоспарлар құрып оны жалпы талқыға салып, қысқа мерзімде білек сыбана жұмысқа кірісуді тапсырды. Тағы бір өзекті мәселе ол ҚМДБ тарапынан шығатын мерзімді басылымдарға, яғни «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет» газетіне жазылу мәселесі болды. Осы жұмысқа қарапайым тұрғыннан бастап, атқа мінер ел ағаларында үгіттеуге шақырып, баспасөз беттері арқылы үгіт насихат тиімді іске асатынын имам-молдалардың қаперіне алды. Жиналыс имамдардың ақсақалы болған Медел атамыздың батасымен аяқталды. Жұмыс белгіленді, мақсат айқын! Уа, Раббымыз ізгі ниеттерімізді іске асыруды бізге нәсіп ете гөр!


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: