Абай атындағы қазақ орта мектебіндегі ата-аналармен өткен семинар

Абай атындағы қазақ орта мектебіндегі ата-аналармен өткен семинар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының №3 Абай атындағы қазақ орта мектебінде өскелең ұрпақтың тәрбиесі жайлы семинар болып өтті. Аталмыш семинарға Абай орта мектебінің ата-аналары арнайы шақырылды, баяндамашы ретінде, әкімшіліктен, құқық қорғау мекемелері қызметкерлері және аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов шақырылды. Семинарда төмендегі мәселелер көтерілді:

 

1. Жасөспірімдер арасындағы бұзақылыққа кім кінәлі? 2.Құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын-алу шаралары. 3. Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу. 4. Балалар қылмыстығының жағдайы. 5. Әртүрлі. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ғ.К. Шарипова баяндама жасап, өскелең ұрпақ арасында қылмыстың етек жаюына тоқталып оның қандай шешімдері бар екенін талдады, екінші мәселе бойынша директордың тәрбие-құқықтық ісі бойынша орынбасары К.Егеубаева баяндама жасап, бұзақылықтың алдын-алу бойынша ой-пікірін ортаға салды. Жастар арасында суицидтің көбеуіне байланысты психолог А. Кунербаева сөз алып, түйткілді мәселенің шешу жолдарын психологиялық тұрғыдан түсіндірді.

 

Жасөспірімдер жөніндегі инспектор, полиция капитаны Н.Букпанов балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс жағдайы жайлы статистикалық мәліметтер көрсетіп, қылмыс көрсеткіші азаймай тұрғанын жұртшылыққа мәлімдеді. Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов барлық қиыншылықтар мен ауыртпалықтар енді ғана өсіп келе жатқан жастардың йығына жүктеп қоймай, түйткілді мәселелерді бірге шешуге шақырды. Өз сөзінде Б.Жүсіпов «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген аталы сөзді еске салып, балалардың мұндай теріс әрекетке баруына өз жағынан алдыңғы ұрпақтың кінәсі мол екенінін ескертті. Нарықтық экономикалық жағдайда көп ата-ана күн көріс мақсатымен түпкілікті айналысып кетіп, ұрпаққа тәрбие беруді екінші орынға қойғанын айтып, өз балаларына «сен бастық бол, бай бол деп, ұятсыздық ол- ынжықтық»-деп үйрететіндерін бар екенін айтып, қайта ол балаға имани тәрбие берудің маңызды екенін ескертті. Ата-ананың өзі баласына бір жаман қылықтан, теріс әдеттен тияр алдында өзі сол теріс әдеттен тыйылу керек екендігін жиналған қауымның қаперіне салды. Жас өспірімдердің мәселелесіне арналған жиналысымызды жеміс ете көр, я әлемдердің Раббысы!


Дәуренбек Жандосұлы
«Қордай» аудандық мешітінің
баспасөз хатшысы

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: