Жамбылда жаңа мешіт бой көтерді

Жамбылда жаңа мешіт бой көтерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандар діни бақармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреті Жамбыл облысына жасаған іс-сапары барысында Талас ауданындағы Кеңес ауылдық округіне қарасты Көшек батыр ауылында жаңа бой көтерген «Нұрым-Молда» мешітінің ашылу салтанатына арнайы келді.


Мешіт алдына жиналған көпшілік қауым мүфти хазретті асыға күтіп тұр екен. Жасы бар, жасамысы бар, жалпы жамағат Бас мүфтиге сәлем беріп, оны жаңа қызметімен құттықтап жатты.
Бас мүфтимен бірге мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның найб мүфтиі Серік қажы Ораз, бөлім меңгерушісі Ербол қажы Сағиұлы, Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев және Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы, Талас ауданының әкімі Рымтаев Досан Таласбекұлы, сондай-ақ, ауылдық округтерінің әкімдері, ауыл молдалары мен мекеме басшылары қатысты.


Еңсесі биік заманауи үлігідегі мешіт құрлысын Асқаров Қайрат есімді азамат өз қаржысына тұрғызған.
Мешіттің ашылу салтанаты әуелі облыс имамы Данияр қажының қасиетті Құран оқып, Бас мүфти хазреттің бата беруімен басталды.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет мешітттің ашылуын асыға күткен мұсылман жамағаттың алдында сөйлеген сөзінде: «Мешіт салудан асқан бақыт бар ма? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Үйде оқыған намаздан қарағанда, мешітте өтелген ғибадаттың сауабы мол. Мешітке асығайық. Құдайдың үйінде құлшылығымызды жасайық. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық азамат құқылы. Бабаларымыз жасырын түрде Жаратушыға жалбарынған кешегі атеистік дәуірді артқа тастап, имандылық жолын ұстануға толық мүмкіндік туған тәуелсіз елде күн кешудеміз. Біз бодандықтың қасіретін көрген елміз. Ал қазір, Құдайға шүкір, ешкім бізге неге намаз оқыдың, неге мешітке барып жүрсің демейді. Біз осындай бостандық заманның қадірін сезініп, Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек», - деген игі тілегін жеткізді.


Бас мүфти жаңадан бой көтерген Алла үйінің имамына қасиетті Құран аяттары жазылған, көркем безендірілген картина сыйлады.
Жаңа мешіт ғимаратының алғашқы тұсаукесер лентасын қиған Бас мүфти мешітте жамағатпен бірге екі ракағат сәлем намазын оқыды. Намаздан кейін Найб мүфти Серік қажы Ораз мырза қасиетті Құран оқып, дұға жасалды.
Алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт намазын жаңа мешітте өтеу бақытын нәсіп еткен Алла Тағалаға шексіз шүкірлерін айтып жатқан жамағаттың қуаныштарында шек жоқ.


                                                                                              Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: