Ғылыми -практикалық конференця өтті

Ғылыми -практикалық конференця өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармаларының ұйымдастыруымен Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Сауатты жас- салауатты қоғам болашағы» атты облыстық ғылыми - практикалық конференция өтті. Конференцияны Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Көкрекбаев Кәрім Насбекұлы басқарып отырды. Конференцияға көрермен ретінде, мемлекеттік біртұтас тіркеуден өткен өзге дін өкілдері, аудан - қаланың бас имамдары, Қоғамдық қордың мүшелері, философтар, ұлағатты ұстаздар, аудан-қала әкімдері, жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері, саясаттанушылар, өзгеде зиялы қауым өкілдері қатынасты. Жиналыста басты көтерілген мәселе бүгінгі жастардың тәрбиесі.

 

Әуелі баяндаманы Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы бастағаннан кейін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретке берілді. Мүфти хазрет: «Жастардың бүгінгі таңда заң бұзушылыққа баруы. Өзіне-өзі қол жұмсауы, ата-анасын сыйламауы, дінге құрмет етпеуі, ажырасу, заңсыз діни жат ағымдардың жетегінде кетуі туралы мәселелер төңірегінде сөз қозғап, жастардың білімін жетілдіріп, санасына ұялаған індетті жою үшін, жалпы қоғам міндетті. Сол үшін бұл жағдайды имамдарға қарай жүктеп, құзырлы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, отбасындағы ата-аналарға да қатысты екенін жеткізе келе, қоғамдағы теріс ағымдардың тудырған кесірінен жасқанып, асыл дінімізді насихаттауға, жастарды имандылыққа шақыруға үлкен кісілердің ынтасыздық танытатынын жасырын еместігі. Жастардың дүние танымына Ислам құндылықтарының ықпалы зор. Сол үшін мектеп болсын, жоғарғы деңгейдегі білім ордалары болысн қабырғасындағы дінтану сабағы бір жүйеге енгізіліп, арнайы мамандар дәріс жүргізіп, діни оқу-ағартуға да көңіл бөлінсе», - деген тілегін айтты. Жастар тәрбиесі туралы Конференция мұнымен шектелмес. Алайда жұдырықтай жұмылып, тұтас қоғамның береке-бірлікте болуы. Асыл дініміздің салт-дәстүрімізбен біте қайнасқанын түсініп, тәуелсіздіктің қадірін білсек болғаны. Алла асыл дінімізге үстемдік, барша мұсылманға күш-қуат бергей!
                                                                                    


                                                                                    
                                                                                         Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: