Имамдар берекенің ұйтқысы болу керек!

Имамдар берекенің ұйтқысы болу керек!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалаға қарағанда ауылдың жайы басқаша. Бүгінгі таңда шалғай ауылды елді мекендерде, қасиетті дініміз үшін қара халықтың ақыл айтар серкесі, болған имамдардың жағдайын білесіздер. Бір ауылда газ жоқ, бір ауылда электр жоқ, бүгінгі қаланың баласы құр уақытын ысырап етер ғаламторда жоқ. Жаңалық яки бір қуанышты хабар болса да апта соңында естіп жатады. Мешітке келген жамағаттың ғибадатын дұрыс орындауы үшін мешітті жылытып, от қала берді қыста дәрет суы да қазандыққа қайнатып даярлап отырады. «Азаны бар ауыл азбайды» дегендей Аллаға шүкір, ауылда имамдардың барлығынан діни рәсімдер толықтай өтеліп жатыр. Сөйте тұра бір бөлім бауырлар ауыл имамдарын жамандауға әуес. Шіркін осы имамдардың атқарған қызметін өздері көрсе ғой!

 

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Жамбыл облысына сапарлай келуіне орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы өкілдікке қарасты шалғай ауылдағы имамдардан 10 имамды үздік деп бағалап, арнайы марапаттау рәсімін ұйымдастырған болатын. Бұл іс-шараны өкіл имамның ұйымдастыруындағы басты мақсат. Аудан- ауыл имамдарының басын қосып, түйткіл мәселелер болса бірлікте талқылау еді. Әр үздік имамдарға өкілдік тарапынан даярлаған сыйақы мен дипломдарды Бас мүфти хазреттің қатысуымен тарату болатын. Бас мүфти Ержан қажы имамдарға «Барлығымыз ауылда өскенбіз, маған ауылдың жағдайы түсінікті. Сіздердің атқарып жатқан қызметтеріңізге Алла береке берсін. Әрбір дін қызметкері, Имам өзіне жүктеген міндетті дұрыс атқарып, халықты берекеге имандылыққа шақырып, жастардың білімін жетілдіруге ұмтылып шәкірт тәрбиелесе, Алланың аманатын ардақтаса, сонда қоғам оңалады»,- дей келе, грамоталарды табыстап, қызметтеріне сәттілік тіледі.


                                                                               Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/29/6ICvg.jpg 

 

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/29/pYeZB.jpg 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: