Шәкірттер жанып тұрған шырағы елдің

Шәкірттер жанып тұрған шырағы елдің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отан болашағы елдің үкілеген үміті, кешегі бабаларымыздың асыл арманы біреу болған. Ол болса «Ұрпақ қамы-ұлт қамы» дейтін ұлағатты сөз. Ендеше осы болашақ жастарды рухани нәрмен азықтандыру, ел тұтқасын ұстайтын білікті маман етіп даярлап шығу жалпыға ортақ міндет. Дейтұрғанмен асыл дініміздің құндылығын үйретіп, бабалар салған сара жолдан адаспай, құлға тән қасиетпен Пайғамбарымыз(с.ғ.с) сүннет жолымен жүруде. ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресесіне келгенде, медресе директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Оразов Исатайдың таныстырмасынан соң, шәкірттермен кездесуінде: «Құрметті шәкірттер! Сіздер елдің үмітісіздер. Ертең Отанға ие болып, ел үшін еңбек етесіздер. Сол үшін талмай ізденіп, жалықпай білім алыңдар», - дей келе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ілімнің артықшылығы туралы: «АллаҺ тағала кімге жақсылық қаласа, соған дінді кеңінен, терең түсінуді нәсіп етеді» өсиеттеген хадисін тілге тиек етті. Кездесу соңына Бас мүфти шәкірттермен суретке түсіп, естелік қалдырды.

 

Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: