Бас Мүфти киелі көне Тараз қаласында

Бас Мүфти киелі көне Тараз қаласында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі, Орта ғасырларда «Тараз» деген атауымен әйгілі болған Шаһарды төрткіл дүние біледі. Көне қала «Әулие ата» деп аталып келіп, 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен Жамбыл облысының орталығы Тараз деген аты қалаға қайтарылған болатын. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл топырақта сөз бастар шешен, ел бастар көсемдер дүниеге келген. Тарази деп аталатын ғұламалардың шоғыры да осы мекеннен түлеп ұшқанына дәлел жазба жәдігерлеріміз куә. Осындай киелі мекенге арнайы сапармен Қазақсатан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет келіп Жамбыл жұртымен қауышты.
Тұңғыш сапарлап келетінін естіген жұрт елеңдеп, Бас мүфтиге сәлем берсек, амандасып қауышсақ деген халықтың ықыласы шексіз болды.


Әуелі асыл дініміздің жанашыры, ел тізгінін қолына ұстап таулық береке- бірлікке шақырып, әрдайым дін қызметкерлеріне оң көзқарас танытып, имамдарға қолдау көрсетіп отыратын облыстың әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қабылдауында болып, өңірдегі діни ахуалдар төңірегінде аз-кем сыр бөлісті. Осы кездесуде, Бас мүфти өңірдегі имамдардың хал-жағдайында айтып қалды. Бас мүфти Жамбыл жұртын бір жерге жинап амандасып сәлемдесе алуы қиын. Сол үшін ақ сәлемін арда жұртқа көгілдір экран арқылы жеткізуді жөн көріп, «Қазақстан-Тараз» телеарнасы «Сыр - перне» бағдарламасында қонақта болды. Аталмыш телеарнаның директоры Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепбергеннің жүргізуінде сұхбаттасып, кешегі мен бүгінгі туралы, асыл дініміздің құндылықтары төңірегінде сыр бөлісіп, Халыққа алда келе жатқан ұлық мереке Құрбан айт құтты болсын айтты. Бас Мүфти осы сапарында екі күн болмақшы, жалғасты кездесулерін алдағы жаңалықтардан хабарлайтын боламыз.

 

Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: