Естен кетпес Жұма уағызы

Естен кетпес Жұма уағызы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның сұлтаны қасиетті Жұма күні Киелі Тараз қаласына ат басын тіреген, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет, ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы қатарлы қонақтар Жұма намазынан бір сағат бұрын облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне келді. Мешітке кірген соң ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, аталмыш мешіттің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының айтуымен халықтың сұранысы бойынша Бас мүфти хазрет мінберге көтеріліп, Жұма уағызын жүргізді. Уағыздың тақырыбы «Тәубә» туралы болды. Уағызды Қасиетті Құран аятымен бастап, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, халықпен амандасып барып бастады. Мешітке жиналған халықтың қарасы да көп, себебі өкіл имам өткен Жұмада Бас мүфти хазреттің келетінін айтып сүйіншілеген болатын. Содан болса керек, кәрі жас демей жамағат бұрынғыдан да көп жиналған.

 

Тәубенің артықшылығы туралы сөз бастап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Сахабаларының өмірінен мысал келтіріп жүйелі сөз бастаған Бас мүфти хазреттің айтқан уағызына мешіт ішінде тыныштық орнап, барлық жамағаттың жанары төрге қадалып, дауыс күшейткішке құлақ салып отырды. Әсерлі уағызды аяқтамауын тілеген жұрт намаз уақыты өтседе бұрынғыдай шулап «Уақыт болдының» астынан ап шуласқан жоқ. Кейбір кәрі ақсақалдардың тебіреніп екі көздің мөлдір тамшысына ерік бергенін көрдік. Көнен көз қариялардың бұлай тебіреу Тәуелсіздік аспаны астында Асыл дініміздің қасиетін ашық айтып, еркін көсілген шағымызда Аллаға шүкір айтып толқудан шыққан жүректің жасы дерсіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Жұма күн шуағы шашылған күндердің ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күні жаратылған, жұма күні пейішке кірген, жұма күні пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күні болмақ» деген. Жұма намазының соңында өткен ата-бабаларға Құран бағышталып, Бас Мүфти хазрет дұға жасады.


                                                                                       

Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 http://fotohost.kz/images/2013/09/29/qaloS.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: