Білімді жастар ел ертеңі

Білімді жастар ел ертеңі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде, «Жамбыл облысы жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» аясында өңірде түрліше кездесулер ұйымдастырып келеді. Кездесу М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі студент жастар арасында болды. Бұл шараны «Жамбыл облысытық Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Студент жастарға ақыл-кеңес беру жиналысына, Теолог Құттыбаев Дархан, «Жас патриоттар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мөрбеков, ТарМУ ректорының тәрбие жөніндегі көмекшісі Мұқтарқұлова Гүлсара, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы, ҚМДБ-ның жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан қатарлы мамандар қатынасты.

 

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы Бас мүфтидің Алматыда өткен «Дін және жастар» атты Форумда айтқан бүгінгі қоғам бетпе-бет келіп отырған жастардың денсаулығы, нашақорлық, маскүнемдік, қылмысқа бейімдік, жұмыссыздық, білімге селқостық, жеке бас мәдениетінің төмендігі секілді бірқатар келеңсіздіктерді атай келе, Жастарды жалынды рухты болуға, салауатты өмір салтын ұстанып спортпен шұғылдануға шақырып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қиямет күні төрт нәрседен сұралмай, құлдың аяғы жылжымайды. (Ол): Өмірін қалай өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, мал дүниесін қалай тауып, қайда жұмсағандығы, біліміне қалай амал еткендігі?» хадисінен де мысал келтірді.

 

 Өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы ҚМДБ-ның жанынан жастармен жұмыс жүргізу бөлімі құрылғанын сүйіншілеп, Мүфти хазреттің жастар тәрбиесін маңызды орынға қоятынын, елміз бойынша өкілдіктерге жастармен жұмыс жастайтын өкіл тағайындағанын, өңіріміз бойынша Аманбаев Ержанның жастарға тәрбие беру бөлімінің өкілі болғанын, қандай да бір жастарды толғандырған мәселе болса жастар өкіліне жолығу керектігін айтты. Жастар ісінің өкілі Аманбаев Ержан Алматыдағы өткен форумда талқылаған мәселелер төңірегінде сөз қозғап, болашақ жастарды кемел білім алу үшін адам өзін тәрбиелеуі керектігін, түрліше жат ағымдардың жетегіне түсіп кетпес үшін, түйткіл мәселе болса деркезінде ата-анаға яки ұстаздарға одан арнайы мамандарға жүгінсе абзал екенін жеткізді.


                                                                               
Көгедай Шәмерхан

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/24/l16cX.jpg 

http://fotohost.kz/images/2013/09/24/tRYK6.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: