Үгіт-насихат тобы ауылда

Үгіт-насихат тобы ауылда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы мен Дін істері департаментінінің бастамасында ақпараттық үгіт насихат тобы құрылып, аудан-ауылдарды аралып үгіт-насихат жүргізіп жатқанын өткенде естеріңізге салған болатынбыз. Сол топ кеше Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты Дүйсебай ауылы, Қызыл арық ауылдық округінің Ақтөбе ауылы, Көкбастау ауылдық округінің Бақалы ауылы қатарлы орындар да болып қайтты. Топ мүшелері құрамында, ТарМПИ- жанындағы дінтану орталығының бас маманы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, Жуалы ауданының Ішкі Саясат басқармасының бастығы, Мырзахметов Темірхан, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Еркебұлан Нарымбетов қатарлы мамандар бар.
Үгіт-насихат тобының басты мақсаты қоғам тыныштығын сақтап, дін атын жамылған жат ағымдардың алдын алу, жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, тату-тәтті ынтымақта өмір сүру болып отыр.


                                                                               Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: