Үгіт насихат тобы Қордайда

Үгіт насихат тобы Қордайда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түрлі ағымдармен күресіп, халқымыздың діни сауатын ашу үшін құрылған үгіт насихат топтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Оның дәлелі Қордай жеріне облыстық үгіт насихат тобы ат басын тіреді. Қордай әкімшілігінің жиналыс залында, үгіт насихат тобының мүшелері дін істер басқармасының маманы А.Оразбаев, ТарМУ оқытушысы Р.Бакиров және «Әулие ата» мешітінің бас имамы А.Керімбек және жергілікті халық өкілдері қатысып, оларға лаңкестік пен экстремизм жайлы түсіндіріп, секталардың зияны жайлы айтылды. Атап айтсақ дін істер басқармасының маманы А.Оразбаев секталардың жалғыз мақсаты халық арасында алауыздық тудырып, тек қана билік пен материалдық құндылықтарға қол жеткізу екендігін айта өтсе, «Әулие ата» мешітінің бас имамы А.Керімбек Ислам атын жамылған түрлі ағымдардан сақтану жолы ол мазхаб ұстану екендігін айтып, мазхаб ол мектеп, яғни белгілі бір дәлелдерге сүйенген мектеп екендігін тілге тиек етті. Р. Бакиров өз сөзінде «таблиғ жамағатының» осы жылдың ақпан айынан бері экстремистік топ болып жарияланған сот шешімін тағы да бір рет еске сала кетті. Үгіт насихат тобы ел игілігіне өз жұмыстарын жалғастыруда.


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/20/fmD7b.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/20/mycLJ.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/20/MqTh.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: