Сарысуда ауыл имамдарының кезекті жиналысы болып өтті

Сарысуда ауыл имамдарының кезекті жиналысы болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер көлемі жағынан үлкен, адам саны жағынан көп болған Жаңатас қаласын білмейтін адам аз.
Кешегі дәуірде ел жұрттың ырыс бесігі болған қаланың, бүгінігі келбеті жүдеу болғанымен тұрғылқты жұрттың иманы кәміл. ҚМДБ-ның арнайы жарлығымен биыл көктемде Қонақбаев Ғалымжан Сарысу ауданының бас имамы болып тағайындалған болатын. Қазір іргелі елдің дін қызметіне жетекші болып табысты жетістіктерге қол жеткізуге құлшыныс жасауда.

 

Әрқандай бір келелі маңызды жұмыстар төңірегінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажымен кеңесіп отырады. ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген тапсырмаларды мұқият орындауда. Ғалымжан имам ауданға қарасты ауылдың имам молдаларын шақырып алғашқы жиналысын өткізді. Жиналыста мешіттердегі діни ахуалдарды қадағалау, уақытымен намаз жүргізу, теріс ағымдағылардың алдын алу төңірегінде болды. Сонымен қатар, жиналысқа аудандық БАҚ өкілдерімен қоса Сарысу аудандық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Оспанбеков Қамбарда қатынасты. Жиналған имамдар әрқандай жұмысты жауапкершілікпен орындайтындарын бір ауыздан жеткізді.


Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: