Меркі ауданындағы мешіттерде Отбасы күніне арнайы өткізген іс-шаралар.

Меркі ауданындағы мешіттерде Отбасы күніне арнайы өткізген іс-шаралар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмірдің мән жайы, қызығы отбасын құрып, ата-бабаларымыздың жалғасын тауып ұрпақтар өрбіп, бүгінгі күні сол ұрпақтар неше түрлі өмір сынағынан өтіп, өмір жалғасуда. Бес саусақ бірдей емес дегендей өмір сүру деңгейінде Аллаһ тағала өзі жаратқан пенделерге ризық несібесін әр түрлі деңгейде берген.
Елімізде «Отбасы күні» деп жариялау негізгі мақсат, жанұялардың тұрмыс тіршілігі, күн көріс мәселелеріне көңіл бөлу болып табылады.


Осы «Отбасы күні» ескеріп, ауданымызға қарасты мешіттерде 6-шы қыркүйек жұма күнін пайдаланып, жұма уағыз насихатының негізгі тақырыбы Исламдағы жанұя, ата-ана, ерлі-зайыптылар мәселесі турасында болды.


Өмір сүру деңгейі төмендеген бірнеше отбасына барып, жағдайын білген едік. Бұралқиевтар жанұясында 5 бала тәрбиелейді екен. Оның екі ұлы, бір қызы мектепке барған. Анықтап білгеніміз уақытша пайдалануға азынаулақ дәптер, қаламсап алған. Алтыншы сыныпта оқитын қызға дене тәрбиесіне киетін кросовка, киім кешек алуға жағдайлары болмаған.
Жоғарыдағы айтылған олқылықтарды ескере отырып, жасөспірімдерге керек деген бұйымдарын табыстап қуаныштарына ортақтастық.

 

Аудандық «Меркі-ата» мешіті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: