Әскери құрылымдармен өткен дін семинар кеңесі.

Әскери құрылымдармен өткен дін семинар кеңесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жері халыққа өз алып та, батыр тұлғаларымен елге таныс. Осы батырлардың жерінде елімізге мәшһүр Отар немесе Гвардейский әскери гарнизоны орын тепкен. Әскер қай мемлекеттің болсадағы арқа сүйер тірегі. Әскери азаматтардың түрлі ағымдар мен секталарға еріп, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірмес үшін және офицерлер құрамымен сарбаздар сабының діни сауатын ашу мақсатында Гвардейский гарнизонында орналасқан 21450, 30212, 63302,75263 және медициналық бөлім сарбаздары мен офицерлеріне арналған дін семинар кеңесі өтті.

 

Семинар кеңеске облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін орталығының үйлестірушісі, дінтану магистрі Т.Тұрғанқұлов, Гвардейск гарнизонының әскери прокурорының аға көмекшісі М.Шахабатов, әскери полиция өкілі А.Марынтаев, әскери контрбағдарлау бөлімінің аға жедел уәкілі Е.Кангелдиев, Қордай аудандық ҰҚК бөлімінің жедел уәкілі М.Анарқұлов және аудандық «Қордай» мешітінің қызметкері, дінтану магистрі Д.Жандосұлы арнайы барып, семинар кеңеске қатысты. Алғашқы сөз мешіт қызметкері, дінтану магистрі Д.Жандосұлына берілді. Д.Жандосұлы мінберге шығып жалпы дін жайлы түсінік беріп, елдегі дін саласындағы ахуалға тоқталып, қаракөз қандастарымыздың бұрын-соңды естілмеген секталарға еніп, өз дініне, Отанына, тіпті ата-анасына опасыздық жасап жатқандарына тоқталып, Ислам атын жамылған теріс бағыттағы салафия, такфир және таблиғ ағымдарының негізгі теологиялық қателіктерін тілге тиек етіп, ағымдар мен секталар көсемдерінің ортақ мақсаты қарқынды дамып келе жатқан еліміз ішіне іріткі салып, ел тұтастығын бұзып, материалдық игілікке жетіп, билікке қол жеткізу ғана екенін баса айтты.

 

Сөзін жалғастыра келе кейбір азаматтардың осы топтардың ықпалына түсіп ойлары бұзылып радикалды бағыттағы азаматардың қатарына қосылып, түрлі қоғамға қарсы пиғылдар жасайтынын ескертіп, осы теріс істерімен түбінде халықты діннен шошытып, дінсіз қоғамға айналдыру мүмкін екенін баса айтты. Ағымдар мен секталардың психологиялық әсер ету тетіктерін сипаттап, ел бірлігін сақтау үшін ақида мәселесінде имам Матуриді, ал фиқһ мәселесінде Ханафи мазһабын ұстану қажеттігін ескерді, жастардың арасында кеңінен талқыланып жүрген жиһад пен соғыс жүріп жатқан елдерге хижра жасау қажеттігі туралы әңгімелерге тоқтап, Мұхаммед с.ғ.с өмірінен үзінділер келтіріп, жиһад пен хижраға шақырып жүрген азаматтардың дәлелдерінің терістігін түсіндіріп берді.

 

 Келесі болып сөз алған әскери прокурордың аға көмекшісі М.Шахабатов ел арасында әсіресе БАҚ-да кеңінен қолданылып жүрген шаһид сөзін ашықтап, оның ақиқи маңызын түсіндіріп, шаһид терминін кейбір азаматтардың Ислам дінінен адамдарды алшақтату үшін теріс қолданып жүргендігін тілге тиек етсе, ҰҚК қызметкері М.Анарқұлов жиһадқа бару жайлы сөз қозғап, ол жиһадқа қатысушы адам үлкен саяси ойынның құрбаны екенін айтып, соғыс болып жатқан елдерде Қазақстан азаматтары құрықталса бұл еліміз үшін үлкен қауіп екенін ескертіп, елімізді басқа азулы шет елдердің діни отарлау саясатын іске асырып жатқанын ашық және нақтылап түсіндірді. Әскери контр барлау қызметкері Е.Кангелдиев ислам жайлы мағлұмат берсе, әскери полиция өкілі А.Марынтаев ағымдар мен секталардың құрбаны болған әскери адамдардың қайғылы оқиғаларына тоқталып, дәстүрлі дінді ғана ұстануға шақырды.

 

Семинарды аяқтаған дінтанушы Т.Тұрғанқұлов «абайлаңыз секта» бейне фильмін әскер қызметкерлеріне көрсетіп, теріс ағымдардың іс-пиғылына тоқтап, қазақ халқы Ислам дінін өз еркімен қабылдап, бұл біздің ата-бабамыздың діні екенін түсіндіріп, өзінің жұмыс тәжірібиесінде кездескен теріс бағыттағы діндердің құрбандарының оқиғаларына тоқталып, дін мәселесінде тек қана сауатты имамдармен кеңесуге шақырып, өзгеге «кәпір» деушілердің жағдайын түсіндіріп, халқымыздың ата діні ол Ислам оның ішінде ханафи мазһабы екені кеңінен түсіндірді. Осындай жиындар арқылы ел азаматтарын, оның ішінде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған азаматтардың діни сауатын ашып, Алла қаласа елімізге игілік келетіні анық нәрсе. Дін аман, аман сау болайық!


Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/04/urPx9.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/04/QzUwd.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/04/60ily.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: