Білім өмір шырағы.

Білім өмір шырағы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігі «Һибатулла-Тарази» медресесінде жаңа оқу маусымы басталды. ҚМДБ-ның өкілі аталмыш медресеге жауапты директор Жұмабаев Данияр қажы шәкірттермен кездесіп, жаңа оқу жылымен құттықтап, екінші курсқа өткен шәкірттерге жаңадан келген шәкірттер мен ынтымақта болуын, ұстаздарға құрмет көрсету, ақлақ-әдеп туралы ойларын баян етті. Шәкірттерге барлық жағдай қамтамасыз жасалған бүгінгі таңда бөгде нәрсеге назар салмай, тек қана білім алу жолында тынбай іздену керектігін жеткізе келе ұстаздарға заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.» қайта, шәкірттерге білімнің нәрін сыйлау үшін бағыбан көреген болуын тапсырды. Білім туралы Жаратушы Алла қасиетті Құранда «Алла тағала хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік беріледі. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады». Бақара сүресінің 269- аятында жеткізеді. Сол үшін әрбір дін жолында ілім алуды көздеп, дүниелік нәпсісін тізгіндесе нұр-үстіне нұр болмақ. Алла шәкірттердің жүрегіне шынайы ілім, ұстаздардың жанұясына бақ береке берсін.

 

Көгедай Шәмерхан

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/03/lM8dc.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/03/7ng8W.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/03/rSeJo.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: