Қордай ауданы, Алға ауылы «Омар» мешітінің «мектепке жол» акциясы.

Қордай ауданы, Алға ауылы «Омар» мешітінің «мектепке жол» акциясы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім күні қарсаңында аз қамтамасыз етілген, жетім балаларға мектепке қажетті заттарын алып беріп, ешбір уайымсыз білім алуға дайындау үрдісі еліміз бойынша кең етек жайып бара жатқаны баршамызға мәлім. Осы сауапты істен білімнің қайнар бұлағы болған Алла үйлері мешіттерде шет қалмай жатыр. Олай дейтініміз Қордай ауданы, Алға ауылына тиісті «Омар» мешітінің ұйымдастырған іс-шарасы. Нақтылап айтсақ, Алға ауылында мекендейтін аз қамтылған және жетім балаларды бір жерге жинап, бүлдіршіндерге қажетті киім-кешегі мен мектепке қажет құрал-жабдықтарды өз талғамдарына орай орталық базардан сатып алып берді. Балалардың ризалығымен қуанышында шек жоқ екені көрініп тұрды. Мешіт имамы Н.Омаровпен оның көмекшісі А.Ахметчеевтің ұйымдастыруымен осы сауапты іс игілікпен аяқталды. Ал біздің айтарымыз» Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық».


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/08/30/O9TE.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/30/0eX4U.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: