Қордай ауданындағы теріс ағымдардың алдын алу жөніндегі жиналыс.

Қордай ауданындағы теріс ағымдардың алдын алу жөніндегі жиналыс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының аудандық мәдениет үйінде бүгін арнайы түрде кеден саласының қызметкерлері жиналды. Ұйымластырылған семинардың басты тақырыбы теріс діни ағымдармен жүйелі түрде күрес және теріс іс-әрекеттердің алдын алу шаралары болып белгіленді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Б.Т Жамангөзев, Қордай ауданы бойынша ҰҚК қызметкерлері, Қордай кеден бекеттерінің қызметкерлері және аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы қатысты.

 

Бірінші болып ҰҚК қызметкері К.Н Алимқожаев сөйледі. Өз баяндамасында Алимқожаев саляфиттік және такфир бағытының ұстанымдарын айыптап, мемлекетке тигізетін және тигізген зияндарына тоқталып өтіп, осы бағытпен күрес бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып өтіп, аудандағы діни ахуалға тоқталды. Келесі болып мінберге мешіт қызметкері, дінтану магистрі Д.Жандосұлы шықты. Өз сөзінде Д.Жандосұлы теріс ағымдағы азаматтардың өздерінің «құрбандарын» қалай таңдайтынын, психологиялық әдістерін түсіндіріп, аталмыш бағытты ұстанушыларың негізгі теологиялық қателіктеріне тоқталды.

 

Сөзін жалғастыра келе Д.Жандосұлы теріс бағыттағы радикалды топтармен күресудің жолдарын атап, ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды тізбектеп, діни сауат ашуға шақырып, ол үшін түрлі заманауи тәсілдерді қолдану қажеттігін айтып, интернет жүйесіндегі ҚМДБ ресми сайттарын, оның ішінде облыстық діни hibatulla.kz сайтының жұмысын түсіндіріп берді. Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Т Жамангөзөв ауданымыздағы діни ахуалға тоқтап, семинар ұйымдастырушыларына өз разылығын білдірді. Семинар аяғында хабар агенттігі дайындаған «джихадисти» бейне фильми көрсетілді.


Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 http://gifok.net/images/2013/08/27/hA7i.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/27/7dzm4.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/27/QG0Tw.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: