Ақиқатты таныған жүрек.

Ақиқатты таныған жүрек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұдырықтай жүрегінің лүпілі Алла деп соққан мұсылман баласының бір-біріне қамқор бауырмалдығын сырт көз көрсе таңғаларлығы сөзсіз. Өзге бір жанның жандүниесіне түскен сызатты жақсы сөз айту арқылы сейілтіп, өмірге деген құлшынысына демеу болса, имандылық тұрғыдан жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне сену. Кімде-кім өз қалауымен ақиқатты тануға талпынса оған жәрдемдесу, рухани жан дүниесін байытуға бағдар көрсету білімі бар адамға міндетті. Өзі жеткен жақсылыққа өзгені де шақырып жәрдемдескен жандар қаншама, сол үшін иманды адам жемісті ағаш секілді. Иіліп жемісін берсе, күн түссе көлеңке болар.

 

Бүгінгі таңда асыл дінміздің қасиетін түсініп, тыншымай соққан жүрегіне ем іздеп, сеніміне селкеу түсіргісі келмей, бар бақытын иманнан тапқан өзге дін өкілдері аз емес. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» мешітіне Карасёва Сания Валерьевна есімді орыс азаматы дін қабылдасам деген ойы барлығын айтып келді. Бұл кісі осы күнге дейін ақиқатты табуға әбігер болып ізденіп, ең соңында жаратушы Алланың бар екеніне иман келтірген. Аталмыш мешіттің наиб имамы Нарымбетов Еркебұлан дін қабылдағалы келген кісіге шариғат жолдарын айтып, тілін кәлимаға келтірткізді. «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Отарбаев Бауыржан орыс тілінде имандылық жолдарын жеткізіп, ислам шариғат үкімінде иманды жанның харамнан тиылу жолдарын, өтеуге тиісті міндеттерін жеткізді. Сания апайдың қызметі мүмкіндігі шектеулі жандардың қайырымдылық қорында жұмыс істеп келген екен. Алдағы күндерде имандылық жолына түсіп, тақуалығын арттырып, діни сауатын жетілдіру үшін имамдардан сабақ алып, кеңесіп тұратынын бүкпесіз жеткізді.
                                                            

Көгедай Шәмерхан

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: