Алматыда діни мектеп төңірегіндегі дау тиылмай тұр.

Алматыда діни мектеп төңірегіндегі дау тиылмай тұр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Журналистерге «Имамнан иман кетті»деп, мәлімдеме жасаған Жанар Боранбаеваның сөзінжала депқабылдағандар қатарында Алматы қаласы орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының тәлімгерлері де бар. «Ар-ожданымыз бен намысымыз тапталды» деген 30-ға тарта тәлімгермешіт қызметкерлерінің әдепсіз қылығын әшкерелеген шәкірттің өзін сотқа беруге қамданып отыр.

Олар, «сұмдық мәлімдемені естіп, жағамызды ұстадық»,- дейді. Айтуларынша, Алматының орталық мешітінде ұзақ жылдар бойы діни сауатын ашып келе жатқан тәлімгерлер бар. Олардың барлығы «имамдардың қызға қырын көрсететін ерсі қылықтарын байқамадық» дейді. Сондай-ақ, тәлімгерлер, Жанар Боранбаеваның діни сауат ашу курсында 2008-2010-шы жылдар аралығында оқығанын айтты. «Арада 3-4 жыл өткенде аяқ асты бұлай мәлімдегені, жала жапқанының айғағы» дейді.

Еркешова Малика, Алматы орталық мешітінің жанындағы «Діни сауат ашу курсының» тәлімгері:

Барлық мешіттер Алланың үйі. Онда тек қана Алланың бірлігін айтыңдар!»-дейді. Ол кісі осыншама қыздардың, Алла үшін деп келген қыздардың нымысын таптап, жезөкшелер деп айтқаны үшін, біз өтінеміз, ол қыздан, келсін бізге жауап берсін.Сот алдында. Және бізден кешірім сұрасын.

Еске салайық, өткен аптада бірқатар ақпарат құралдары Алматыдағы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының бұрынғы шәкірті Жанар Боранбаеваның әңгімесі негізінде мешіт қызметкерлерінің ерсі қылығы туралы материалдар жариялаған. Мешіт басшылығы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шәкірт келтірген деректерді жоққа шығарды. Алайда, ішкі істер органдары «жапа шеккен» тараптың арызы бойынша тергеу жүргізілуі мүмкін екенін хабарлады.

Досжан МАРАТҰЛЫ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: