Қордай ауданының имам-молдарының кезекті жиналысы.

Қордай ауданының имам-молдарының кезекті жиналысы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін аудандық «Қордай» мешітінде ауыл имамдарының кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа ауыл имамдары, ауданның бас имамы Ә.Шалбай, оның көмекшілері және арнайы Қордай ауданы бойынша ҰҚК бөлімінің қызметкері М.Х Анарқұлов қатысты. Алғы сөзді Ә.Шалбай өзі алып, жиналыстың негізгі мақсаты рамазан айында атқарылған іс-шаралардың қорытындысы, аз қамтамасыз етілген отбасылардың мектеп жасындағы балаларына көмек, теріс ағымдармен күрес және т.б мәселелер екенін ашықтай өтті. Соңғы мәселе бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің маманы М.Анарқұлов арнайы келгеніп хабарлап сөз кезегін қауіпсіздік қызметінің өкіліне берді.

 

Сөз алған М.Х Анарқұлов еліміздегі жағдайға тоқтай келе, діни экстремизмен халықаралық терроризм жайлы тоқталып өтіп, Ислам дінінің бейбітшілік дін екені еске сала отыра, Ислам шапанын жамылып алып, бірақ бейбітшілікті қаламайтын топтардың іс-әрекеттерін әшкерелей өтті. Сөзін жалғастыра келе М.Анарқұлов осындай теріс ағымдармен күрес тек діни сауатты кадрлар арқылы іске асатынын еске салып, имамдардыңда халық арасындағы беделін айтып, жұмыла жұмыс істеуге шақырып, радикалды көзқарастағы азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеу керектігін атап өтті.

 

Шет ел асып білім іздеуші талабалар жайлы сөз қозғап осы мәселелердің барлығы тек қана құзырлы мемлекеттік органдардың рұқсатымен іске асатынын айтып, жастарды еліміздегі діни оқу орындарынан білім алу қажеттігін имамдарға үгіттеуді өтінді. Осы жылы экстремистік болып табылған таблиғ жамағат тобының мүшелері жайлы сөз қозғап өтті. Ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай М.Анарқұловқа өз разылығын білдіріп аталмыш мәселелер ҚМДБ-ныңда жете назарында екенін айта өтіп, жоғарыда көрсетілген мәселелерге тағы көңіл бөлу қажеттігін жиналған имамдарға түсіндірді. Ә.Шалбай жиналған имамдарға ҚМДБ тарапынан келіп жатқан бұйрықтар мен тапсырмалардың нақты және уақтылы орындалуын талап етіп, өзекті мәселерге тоқтап өздеріңізге тиесілі мешіттегі қызметкерлерге, олардың өмірлік тарихына жүріс-тұрысына көңіл бөлудің қажет екенін түсіндіріп, мешіт имамдарының өзінің әдеп-ахлағына, киім киісіне, жүріс тұрысына көңіл бөлу қажеттігін айта өтіп, имам ол Исламның айнасы болу қажеттігін еске салды.

 

Зекет қайырымдылық қорына зекет жинап оны аталмыш қор есеп-шотына аудару қажеттігін еске салып, осы мәселеде белсенділік танытуға шақырды. Мешіттердің «мектепке жол» акциясынан шет қалмай, белсене ат салысып, осы жолда атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті. Имамдар алдында жаңа мақсаттар айқындалып, жұмыс өрісі кеңейіп ауылдарына тарқасты.


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/08/26/soq6H.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/26/0Rtoz.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: