Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастырған мектепке жол акциясы және мұқтаждарға көмек.

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастырған мектепке жол акциясы және мұқтаждарға көмек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Киелі Қордай жері жақсы істерімен елге танымал екені мәлім. Міне бүгінде аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен игі іс шара ұйымдастырылды. Нақтылап айтсақ «мектепке жол» және «жақыныңа көмектес» екі бірдей акция атқарылды. Салтанатты жиынға ата-аналар, мешіт алқа мүшелері, жалғыс басты қариялар, мүгедектер,әкімшілік және БАҚ қызметкерлері қатысты.Мектепке жол акциясы бойынша Қордай ауылында орналасқан №3 Абай мектеп интернатының оқушыларына яғни жетім балалармен, аз қамтамасыз етілген отбасылардан 20 оқушыға мектеп киім формасы, (костюм, шалбар, қыз балаларға юбкасымен) мектеп сөмкесі оның ішінде 40 дәптер, 10 қалың дәптер, түрлі-түсті карандаш топтамасы, сызғыш,оншақты қаламсап, күнделік, қайшы, өшіргіш,сурет дәптері, тіпті кітаптар мен дәптер мұқабасына шейін салынып, тарқатылды. Аяқ киімдерін өз талғамдарына орай таңдап сатып алу үшін қолдарына қосымша 5000 теңге сыйлық ретінде қолдарына ұстатылды.

 

 Мешіт қызметкерлері осы игі жұмысқа бар ынта жігерімен ат салысып, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с «Кімде-кім жетімге қамқорлық жасаса жәннәтта менімен бірге мына екі саусақтың арасындай жақын болады» деген хадисі басты ұраны болды. Аталмыш акцияға қатысқан ата-аналарда өз разылықтарын білдіріп жатты. Нақтырақ айтсақ, көмек алған оқушының анасы Садуева Зайнат Ниязбекқызы: «Бізді ұмытпай осындай жақсы жұмыстарыңызға өз разылығымды білдіремін.

 

Тағдырдың тауқіметіне шыдап осынша баланы өсіріп отырмын, осы көмектеріңіз маған және менің жанұяма үлкен қайырымдылық болып, көңілдерімізді орнықтырды. Игі істеріңіз үзілмесін, қызметтеріңізге Алла разы болсын!»-деп ізгі тілегін білдірсе, интернат тәрбиеленушісі 5 сынып оқушысы Исмаилов Дастан «ағалар берген көмектеріңізге рахмет, мектепке баруға мінекей кәзіргі сәттен бастап дайынбыз, басқа балалардан қалмай толықанды қамтамасыз етілдік, ендігі мақсат еш нәрсеге алаңдамай білім алу» деп көңіл жарды сөздерін жеткізсе, мешіттен 15000 теңге қаражаттай көмек алған жалғыз басты Поберезкин Александр « Спасибо Вам за оказанную помощь, Я очень рад что священнослужители мечети не забыли нас одиноких стариков, труженников тыла»- деп өз рахметін айтты.

 

Мешіт қызметкерлері Жүсіпов Бағлан мен Жандосұлы Дәуренбек жиналған қауымға жақынға көмек көрсетудің маңыздылығы жайлы, жетімге қамқор болу жайлы, Исламдағы білім алудың маңыздылығына тоқтап әсерлі уағыз айтса, мешіт алқа мүшесі Нұрғали ақсақал жастарға батасын беріп, ақ тілегін жаудырды. Салтанатты жиынға денсаулығына байланысты келе алмай қалмай мүгедектер мен жағыз басты қарияларға 15 000 теңге қаражат бөлініп, оны мешіт қызметкерлері үй-үйлеріне таратып берді. Осы ауқымды жұмысқа ұйытқы болған Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайға, басқа қол қабыс көрсеткен азаматтар тарапына түрлі алғыстар айтылып, жиналған қауым өз разылықтарын білдіріп жатты. Игі ісіміз үзілмесін я Алла!


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 2013-08-23

12:08:43

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/dB2EC.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/7BFvN.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/wTJg5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/fLtwG.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/rVb4u.jpg

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: