Білімдіге дүние жарық.

Білімдіге дүние жарық.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім алу туралы әз пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) "Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай.

 

Әлбетте, ғұламалар - Пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирхам қалдырған жоқ, ғылымды мұраға қалдырды. Кімде-кім Пайғамбарлардың с.ғ.с. мирасын алса, мол үлесті алған болады. Деп өсиеттеген. Адамзат баласының бақыты болған асыл дінімімздің өркендеуі жолында білім алып, қажыр-қайратын білім алуға жұмсаған ғұламалардың том-том еңбектері қараңғыға жол сілтеген нұр іспетті. Жаратушы Алланың діні үшін қызмет ету, дін жолында білім алу екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейді. Бүгінгі таңда Тәуелсіз еліміздің көк байрағының астында, бабалардан қалған ата дінімізді насихаттап, Отанның болашақ ертеңі болған жастарды дінміздің каусәр бұлағынан сусындатып, рухани байлыққа жеткізу үшін көптеген медреселер өз жұмысын адал атқарып келеді.

 

Хакім Абай атамыз «Баламды медресеге біл деп бердім» деуінің өзі ұлт ертеңі ұрпақ қамын ойлаудың негізінде жатыр. Әр жыл сайын медреселерде өзге оқу орындары секілді шәкірт қабылдау науқаны жүреді. Осы орайда ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешіті жанынан ашылған медреседе жаңа оқу маусымына шәкірт қабылдап, талапкерлерден арнайы сынақтар алып медресеге қабылдау толымдылық көрсеткішін анықтады. Арнайы құрылған комиссия төрағасы: ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Исмаил Сейітбеков болса, мүшелер тобының қатарында Алматы қаласындағы Әбу Ханифа медресесінің ұстазы Қадыршаұлы Қобыланды, ҚМДБ мешіт істері бөлімінің маманы Жанділдә Бекжігітов, «Һибатулла Тарази» медресесі директорының орынбасары Оразов Исатай, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жәпек Ғалымбек қатарлы ұстаздар болды. Комиссия тобы медресеге келген 16 талапкерге түрліше сұрақтар қойып зейіндерін сынады. Медресе талабы бойынша шәкірттердің жалпы құжаттары толық дұрысталса, жаңа оқу маусымының сабағы басталмақ.

 

Көгедай Шәмерхан

 

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/64nVQ.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/wT2Dr.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/23/2rc0L.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: