Хақ дінді қабылдады.

Хақ дінді қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әрбір сәби туылғанда дүниеге мұсылман болып келеді, кейіннен оны өсе келе ата-анасы басқа дінде тәрбиелейді», деген еді, Пайғамбарымыз (с.а.у). Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан ислам дінін қабылдаған қаншама өзге ұлт өкілдерін естіп, біліп жатырмыз. Қаншама жан ақиқат дінімен қауышып, жүректеріне тыныштық орнатты. Бұл да болса ислам дінінің хақтығы болса керек. Қасиетті жұма күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне өзге ұлт өкілдері келіп кірген еді.

Олар - Горьковский Евгений Анатольевич және Регурецкий Валентина Юреьевна есімді орыс ұлт өкілдері. Ислам діні туралы көкейдегі көптеген сұрақтарын қойып, ақиқат туралы кызығушылықтарын жасырмады. Олардың қойған сауалдарына найб имам Ержан Аманбаев тұшымды жауап беріп, барынша ақиқатты тануға талпындырды. Ең бірінші Алланың барлығын һәм бірлігін, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) соңғы елші екендігін және де Исламның Алланың алдында қабыл болатын жалғыз, соңғы дін екендігін түсіндірді. Қойған сауалдарына көңілі толып, жүректеріне тыныштық орнаған олар Ислам дінін қабылдап, мұсылман болғандығына куәлік етті. Найб имам ол екі мұсылманға құлақтарына азан шақырып, мән - мағынасы бар, мұсылманша есім қойды. Евгений Али, Валентина Айша деген есімді иеленді. Тілін кәлимаға келтірген қос мұсылман да бақытқа жол іздеп, оны ислам дінінен тапқандар санатынан еді. Алла бақыттарын баянды еткей.

 

 

Наурызбек Саршаев

 

http://gifok.net/images/2013/08/20/qJMrs.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/20/z7XdL.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/20/erXKc.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: