Ислам дінін қабылдаған Вераника.

Ислам дінін қабылдаған Вераника.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір келіншек мешітімізге келіп  орыс тілінде өзінің дін  қабылдайтынын жеткізді. Мен алағашында Қазақ әйелдің дін қабылдаймын дегенін түсінбедім. Өйткені, киген киіміне қарасан, орамал таққан, ұзын киінген, әурет жерлері жабы қазақы киінген әйел. артынан әңгімелесу барысында ол әйел Орыс ұлты болып шықты. есімі Вереника екен.


Вераниканың бұрын ұстанған діні христиан екен. Ол бұрын Тараз қаласында тұрып, сонда бір шіркеуге барып христиан дінін қабылдапты. Оған ол жерден христиан екенін растайтын куәлік берген. Онымен қоса крес теміршесін беріпті. Біздің қаламызға келіп, Ислам дінін қабылдауға нәсіп болды. Ол біздің мешітке, ешкімнің айтуынсыз, Ислам дінін қабылдау үшін келген. Бұған өте ризамыз! Күйеуі мұсылман, бес парыздың бірі намазды өтейтін жігіт екен.


Ол айтады мен тек хақ дінді іздеп келдім, сол үшінде Исламды қабылдаймын және қасиетті Жұма күнді таңдап келіп отырмын дейді.
Аллаһ оған разы болсын, атында өзгертіп Мәлика деп койдық. осы орайда ойланасың!  Өзіміздің қара домалақ қара қыздарымыз, хақ Ислам діні тұрғанда қайдағы иогова деген атам қазақ білмейтін дінге кіріп жатыр. Сол адасқандарға ақыл айтар бүгінде білімді азаматтарымыз баршылық, Асыл дініміздің көздейтіні де адамзат баласының бақыты. Алла қаласа барлығы біртіндеп оңалар деген ниеттеміз!

 

Талас ауданы «Қаратау» мешітінің найб имамы
Оразбаев Акбар

 

http://gifok.net/images/2013/08/16/6YCX.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/16/wRck.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/16/nFR7u.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: