Жат ағымдардың теріс іс-қимылдарының алдын-алу жөнінде өткен жиналыс.

Жат ағымдардың теріс іс-қимылдарының алдын-алу жөнінде өткен жиналыс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық ішкі істер бөлімінде аудандық ұлттық қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен жат ағымдармен күрес жөнінде жиын болып өтті. Жиналысқа ІІБ аумақтық инспекторлары, ІІБ басшылары, ҰҚК аудандық басқармасының қызметкерлері, аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы, дінтану магистрі Жандосұлы Дәуренбек қатысты.

 

Бірінші болып аудандық ІІБ-ның бастығы орынбасары подполковник Е.Абдрахманов сөз алып, жиналыстың мақсатымен және арнайы шақырылған мамандармен таныстырып өтті. Келесі болып аудандық ҰҚК басқармасының қызметкері К.Н Алимқожаев сөз алып, елдегі ахуалды түсіндіре кете осы жиналыстың мақсатын айқындап, теріс ағымдарға қарсы күресті құқық қорғау органдар қызметкерлері ҚМДБ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып тиімді жұмыс атқаруға болатынын айта кетті. Сөз кезегі аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлына берілді.

 

Д.Жандосұлы өз кезегінде жұртымызға жат теріс діни ағымдардың оның ішінде саляфизм және такфир ағымдарының ерекшелігіне тоқтап, олармен күрестің түйткілді жолдарын ашықтап өтті. Олардың діни рәсімдерде орындаудағы ауытқуларына тоқтап, сенім жүйесіндегі ерекшеліктеріне көңіл аударды. Теріс ағыммен күрес дінмен күреске айналып кетпеуін тілге тиек етіп, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2050» жолдауындағы «теріс бағыттағы діни ағымармен күрес дін ұстанушылармен күреске айналып кетпеу қажет»-деген сөзіне тоқталып өтті. Д.Жандосұлына полиция қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып оларға кәсіби жауап қайтарылды. Аудандық ҰҚК қызметкері М.Х Анарқұлов теріс ағымдардың мемлекетке келтіретін зияндарына тоқталып, бірлесе жұмыс істеудің жобасын ұсынды. Аталмыш жоба қатысушы мекемелер арасында талқыланып, бекітілетін болды. Теріс ағымдарға байланысты осындай деңгейдегі жиналыстар ай сайын өткізілетін болды. Әрине бұның барлығы ел тыныштығы мен мемлекет тұтастығына арналған. Я Алла, елімізді тыныш, жұртымыз аман қыла гөр!


аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/08/16/kqOy.jpg

 

 http://gifok.net/images/2013/08/16/D10iu.jpg 

http://gifok.net/images/2013/08/16/hWBuk.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: