Жарыс өтті Қасиетті Құраннан.

Жарыс өтті Қасиетті Құраннан.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген хәкім Абайдың сөзі ақиқатын дәлелдегелі қашан. Барша адамзатқа ілім ретінде һәм бақыт бағдары ретінде Екі әлемнің Сардары болған Пайғамбарымызға (с.ғ.с) түскен Алла сөзі адамзат үшін қашанда құнды, қашанда қастерлі екені әмбеге аян. Ал, осы Қасиетті Құранды оқу сауабы - ұшан теңіз.

 

Жүректі жібітіп, көңіл дағын кетіріп қана қоймай ақиқатқа һәм ізгілікке бастай түседі. Міне, осы аксиоманы негізге алған Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешіті де жер-жерлерге хабарландыру етіп, құран жарысын өткізген еді. Облысымыздың өңір-өңірінен келіп Құран сөзін мақамына келтіріп, әуезін әуелетіп оқып сауапқа кенелсем деген талапкерлер де аз болмапты. Облыс бойынша 43талапкер қатысып, барынша Алла сөзін ұлықтауға атсалысты. 43 талапкердің 26-сы Құранның 1 парасын жатқа оқуға тапсырған болса, 5 парасын 6 талапкер және 10 пара мен 30 парадан да бірнеше талапкерлер өз бақтарын сынасты.

 

«Бұл шараның мақсаты - Қасиетті Құранға өңіріміздегі мұсылмандарды жастайынан баулып, жүректеріне иман нұрына деген махаббатты ерте ояту болып табылады. Құран сөзі оқылған өңір, Алла сөзін көп білетін аймақ қашанда бәле-жаладан, түрлі апаттардан аулақ болып Жаратушының мейірімінде болады екен. Міне, біздің бұл шарамыз да осы Жаратушының мейірімі мен разылығына бөленуді мақсат етті» дейді, Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, әділ қазылар құрамының мүшесі Данияр Жұмабаев. Жарысқа, тіпті, балиғат жасына жетпеген кішкене перзенттер де қатысып, Алла сөзін ауызға алып ниеттенгендері болды. Бұл да болса ертеңгі иманды ұрпақтың өсіп келе жатқандығының бір дәлелі болса керек. Осындай игі шара әрі қарай Республикалық деңгейде өтіп, оған біздің өңіріміздің жеңімпаздары да бақтарын сынап қайтпақ. Алла оларға демеу болсын дейміз.

 

 Наурызбек Саршаев

 

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/idA5U.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/VUpOB.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/urJC5.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/zPJ3X.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/ZDPq0.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/Le2YP.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/yR3b.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/MpQX5.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/woFDi.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/rOEv8.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/S81cK.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/eLKSx.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/MBiV5.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/6ZtEB.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/IOT1U.jpg

 

http://www.gifok.net/images/2013/08/15/q7Ptb.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: