Шу ауданында өткен іс-шаралар.

Шу ауданында өткен іс-шаралар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Шу ауданы Бөлтірік-шешен ауылындағы лагеръ жұмысын аяқтады.

Қасиетті Рамазан айында Шу ауданы Бөлтірік-шешен мешітінде ұйымдастырылған жазғы лагеръ өз мәресіне жетті,медреседе 10 шақты ер бала, 3 қыз бала оқыды. Осы бір айдың ішінде әріп танымайтын балалар құранға түсіп сүре,хадистер,күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар,намаз,дәрет алу сияқты ислам құндылықтарнынан сусындады.Алған білімдерінен сынақ қабылданып,балаларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Аудан бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы жиналған ата-аналар мен көпшілік жамағатқа рамазан оразасымен құттықтап Алматыдан арнайы келген Нұр-Мубарак университетінің проректордің көмекшісі Акимбеков Рахымжан Сабыржан ұлынын таныстырды. Ол кісі білім туралы тартымды уағыз айтты. Одан жұма намазын Нұр-Мубарак мешітінің бас имамы Смағұлов Құрмет қари жүргізді. Жұма намаздан кеиін мешітте дәріс алған балаларға алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табыс етілді.Дәрісті Нұр-Мубарак медіресесінің тәлімгерлері Рахимбердиев Рахат және Мұңалбеков Біржан берді.Ата-аналар келіп дәріс берген ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп,келешекте осындай ізгі істер жалғасын тапса екен деп,үлкен қуанышпен тарасты.Осы игі істерді ұйымдастырған мешіт жанашырларына ауыл жамағаты ризашылықтарын білдірді.

 

 

Шу аудандық Төлеби мешітінің Баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/08/12/nRP3G.jpg 

http://gifok.net/images/2013/08/12/wGSIP.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/12/Xw3rg.jpg 

 

 

Шу ауданы, аудандық мешіттің бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы, ауданға қарасты Әуезов атындағы орта мектебіне көмек қажет ететін 10 жетім балаға мектеп сүмке, оқуға арналған құрал-жабдықтарын табыс еткен, тұрымысы төмен отбасыларға да заттай көмек жасаған. Сонымен қатар, мешітке келген ата-аналар мен балаларға Рамазан айының және Қадір кешінің қасиеті мен сауаптары туралы уағыз насихат айтып балаларға батасын беріп, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Мүбәрак Рамазан» атты кітабын тарту етті.

http://gifok.net/images/2013/08/06/lgErz.jpg


 

ҚМДБ-ның төрағасы бас муфти Ержан қажы Малғажы ұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес Шу ауданы Бірлік-үстем ауылы Бірлік-үстем мешітінің молдасы Жұматаев Медеттің ұйымдастыруымен айттан теберік деп ауылдағы аз қамтылған отбасылармен көп балалы отбасылардың 32 балаға оқуға қажет құрал жабдықтарды және әр түрлі балаларға қажетті киім-кешектер таратылды. Ауыл молдасына балаларға қамақорлық жасағаны үшін ата-аналар алғыстарын білдірді.
 


Шу ауданы Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/08/12/ex0Sv.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/12/6Ie7.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: