Міне шілдіенің шыжыған аптабына қарамай ораза ұстаған мұсылманның ораза айт мерекесі болды.
Екі дүниенің бақытын қатар ойлаған пенденің риясыз көңілі шаттыққа шомып, парызымды толық өтедім-ау, -деген құлдың санасында бір жаңару серпілісі болары сөзсіз. Тән зекетін беріп, ішіп-жеуден тиылған әр мұсылман баласының мереке күні туыс-туғандарымен қауышып қауқылдасып, сағыныштың мауқын басар сәті осы.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешітінде ораза айт намазы оқылды. Айт намазына жамағат таң намазынан бастап жиналып, Алланың үйіне жанарларында бір қуаныш оты маздаған бейнеде келіп жатты. Таң намазы оқылғаннан кейін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы жамағат алдына шығып көпшілікке ораза айт мереке құтты болсын айтып, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің мерекелік сәлемін жеткізді. Өкіл имам жамағатқа ораза айт намазының өтелу жолдары мен үкімдерін түсіндірді. Айт намазына жергілікті билік өкілдері тарапынан Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков келіп қатынасты.
Айт намазынан соң құран оқылып дұға жасалды. Мешіт әкімшілігі айт намазына келіп қатынасқан, мешітке көмек қолын созып жәрдемдесіп жүрген іскер азаматтарға ақ дастархан жайды. Айт намазына БАҚ-өкілдерінен «Қазақстан-Тараз» телеарнасының журналистері келіп арнайы өкіл имам мен жамағаттан сұхбаттар алды. Айырықша ауызға аларлық мерекелік шараның бірі, көше автобоздарынан 46 автобостың айт құрметіне күні бойы тегін жүруі болып отыр. Бұл игі бастаманы өкіл имам Данияр қажы кәсіпкер азаматтар мен дінге жанашыр бауырларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырып отыр. Автобостағы жүргіншілерде қуанышында шек жоқ, ұйымдастырушыларға алғыстары шексіз. Өзге ұлт өкілдері де мұсылманның қастерлі мерекесін құттықтап ақ тілектер айтып жатыр. Ұлты орыс бір ападан автобоста сұхбаттасудың сәті түсіп, бірер ауыз сөзге тартып едік, ол кісі ағынан ақтарылып мұсылмандардың мерекесі, біздің мерекеміз секілді, себебі барлығымыз бір топырақта жасап жатырмыз, Отан біреу, Ел біреу, барлығымздың ойлайтынымыз береке мен тыныштық.- деп қайырды.
Өкіл имам өзі ұйымдастырып отырған игі бастама жайлі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында « Бұл мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің бірі ораза айт. Біз осы айда ай бойы ораза ұстаған жандарға қуанышты көңіл күй сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырдық. Соның бірі мешітте ай бой ауыз ашар беру болса, екіншісі Қадыр түні құрметіне жасалған қайырымдылғымыз. Үшіншісі бүгін жүргіншілерге тегін автобос шығару. Бұл бастамамыздың көздегені біреу, ел болып қарсы алатын айт мерекелердің бірі ораза айтта, ел есінде қалатын сауапті іс жасау, жамағатқа өзге ұлттарға өзге дін өкілдеріне мұсылманшылқтың қадір-қасиетін көрсету. Біз атақ-даңық алу үшін ұйымдастырғанымыз жоқ. Тек бізге жақсы сөз, халықтың шынайы ықыластары жеткілікті, еліміз аман жұртымыз тыныш болатын болса, әлі талай жаңалықтармен таңғалдыратын боламыз, Алла баршамызға бақ-береке беріп, құлшылқық ғибадатта өтуді нәсіп етсін!» деген ақ тілегін жеткізді. Бұдан басқа Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің имамдары, Отан соғыс ардагерлеріне, жағдайы төмен отбасыларына, Қоғам қайраткерін айт күнімен құттықтап, хал сұрап мерекелік сауға сыйлап қайтты. .
Көгедай Шәмерхан