Қазақ елі түрлі ұлттар мен ұлыстардың мекені екені баршамызға мәлім.Оның ішінде Қордай жерінің елеулі орыны бар. Олай дейтініз дін бауырлас дүнген ұлтының Қазақстан аумағындағы 80 пайызы осы Қордай жерінде өмір сүреді. Осы дүнген ұлтты ағайындар көптеп мекен еткен Масаншы ауылында, осы елді мекен тұрғындарының өміріне, денсаулығына, әлеуметтік т.б салада қалыптасқан түйткілді мәселелерді шешу мақсатында алқалы жиын өтті.
Жиналысқа Жамбыл облысы халықтар ассамблеясының төрайымы Л.А.Лысова Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жамангөзөв, аудан прокурорының көмекшісі Ж.Ж аудандық аурухананың бас дәрігері Э.Ф. Заманов, аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы қатысты. Жиналыста түрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріліп, әр баяндаушы өз саласы бойынша түйткілді мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын талқыға салды. Мешіт қызметкері Д.Жандосұлы өз сөзінде дүнген бауырларды тек қана ҚМДБ-ның өкімдеріне сай, Бас Мүфти Е.Малғажыұлының пәтуаларына сүйене отырып шекара асып шешім іздемей, жұмыла жұмыс істеу керектігін ескертті. Көтерілген түйткілді мәселелердің бірі кәмелет жасына толмаған азаматтардың үйленуі болды. Өз кезегінде Д.Жандосұлы мешіт имамдарына кәмелетке толмаған жастардың некесін қиюға болмайтынын, осы мәселе ҚМДБ тарапынан тыйым салынғандығын айтып өтті.Шет елдердің діни оқу орындарында ілім іздемей ҚМДБ қарамағындағы оқу орындарында ілім алуға көңіл бөліну қажеттігіде жиналыс барысында айтылды. Д.Жандосұлына жиналған азаматтар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар қайтарылды. Түйткілді мәселелер өз шешімін табады деген үмітпен ел тарқасты.
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі