Айлардың сұлтаны, Қасиетті Рамазан айының ішінде, мың айдан да қадірлі бір түн Қадір түні. Осы Қадір түнінде жасаған ғибадаттың сауабы мол. Ал қайырымды іс жасап, өзгеге мерекелік көңіл-күй сыйлаудың өзі имандылық.
Рамазанның соңғы түндерінен іздейтін Қадір түнінің құрметі үшін, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің әкімшілігі «Оразадан байғазы, Қадір түнінен қайырым» атты акция ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларға меркелік сауға ретінде тұрмыстық заттар тарту етті.
Аталмыш іс-шараны өкілдікке қарасты аудан-қала имамдарының да қолға алуын , ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажы тапсырған болатын. Қайырымдылық істің басында өкіл имам өзі болып, жағдайы төмен отбасыларды көзден кешіріп хал сұрап 30 отбасыға , күріш, ұн, сұйық май, шәй, қант қатарлы заттарды үлестіріп берді. Бұл қайырымдылық шараны өкілдікке қарасты аудандарға да ұйымдастыруға өкіл имам тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес қайырымдылық шараны ұйымдастыру қала бойынша төмендегідей;
Тараз қаласы бойынша, «Әулие Ата» мешітінің Бас имамы Ахметжан Керімбек қажы өкіл имамның тапсырмасын, қалалық мешіттердің әрқайсы имамдарына жүктеген, «Әулие-Ата» мешітінде, Қадір түнінің құрметі үшін 300 ден аса адамға ауыз ашар мен сәресі берілген.
Қалалық мешітке қарасты;
«Молда Мұхамеджан» мешітінде қадір түні құрметіне 200 адамға, «Құлбай-Баба» мешітінде 200 адмаға, «Әбдіқадыр» мешітінде 150 адмаға, «Айсұлу-Ана» мешітінде 110 адамға, «Момын-ата» мешітінде 80 адамға «Иса-Ахмет» мешітінде 100 адамға, «Хамрақұл» мешітінде 70 адамға, «Нәметбай» мешітінде 60 адамға, «Әкрам төре» мешітінде 60 адамға, «Миразиз-Ата» мешітінде 50 адамға ауыз ашар берген.
Өкілдікке қарасты аудандар бойынша көрсеткіш төмендегідей!
Мойынқұм ауданы, Қадір түні де айтарлықтай өзгеше болды. Мешіт толы жамағатты арнайы құттықтауға келген аудан әкімі Мәдікенов Болат Асқаралыұлы мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, көпшілікпен бірге сапқа тұрып намаз оқып, Қадір түнін күтті. Сәресінің уақытына дейін жамағатқа түрлі тақырыптарда уағыздар айтылды. Оған қоса осы күні аудандық мешіт тарапынан жағдайы төмен 20 отбасыға 1 қап ұн, 5 кг қант және 1л сұйық майдан таратылды.
Жуалы ауданы, Қадір түнінің құрметіне «Жоқ-жітікке қарайлас» деген тақырыпта қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болса, ауданға қарасты ауыл имамдарыда өз мешіттерінен жиылған пітір садақадан бөліп мұқтаж жандарға көмектескен. Олардың бірі қамқоры жоқ балаларды киіндірсе, бірі мүгедектерге қаржылай көмек қолын созған. Бірі отағасы жоқ отбасына айтқа жаяр дастархан әперген. Жалпылама аудан көлемінде қырық елуге жуық отбасыға мешіттер тарапынан көмектер көрсеткен.
Талас ауданы, «Қаратау» орталық мешітінде түндердің сұлтаны болған қасиетті Қадір түні құрметіне, жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға мешіт тарапынан қайырымдылық жасалған. 45-отбасына ұн, қант, күріш, май, макарон, таратылды. Және мектеп окушыларынан 40 балаға мектеп сумкасы, оқу құралдары таратылып берілген.
Тұрар Рысқұлов ауданы, «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадыраев Сұлтаншәріп қажы, ауданға қарасты БАҚ өкілдеріне Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы сұхбат беріп, қасиетті Қадір түнімен құттықтап, Өкіл имам тапсырмасы бойынша жағдайы төмен 10 отбасыға Қадір түнінің құрметі үшін тұрмыстық бұйымдар мен қоса ұн-күріш алып берген.
Жамбыл аудандық, орталық «Бәйдібек» мешітінде қасиетті Қадір түнінің қарсыңында жағдайы төмен 30 отбасыға қайырымдылық көрсетілді.

Меркі ауданы, «Меркі-ата» мешітінің бас имамы Батырбек Қасымалиев Қадір түнінің құрметіне мешіт асханасында 600 адамға арналған дастархан жайылып, ауызашар 30 жанұяға 50 кг 30 мүшек ұн таратылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге мектепке керек заттар алып беріліп, жағдайы төмен өзгеде отбасыларға бір мүшек ұн, күріштен үлестіріліп, заттарын арнайы автокөліктер жалданып, үйлеріне жеткізіліп берілген.
Қордай ауданы «Қордай» мешітінің қызметкерлерін ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай бастап, дайындық жасап, халықты Қадір түнімен сүйіншілеп, қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Көп балалы отбасылар, мүгедектер және зағип жандарға арнайы түрде азық түлік қоржыны таратылды. Қоржынға 10 кг қант, 5 кг күріш, 25 кг ұн,10 кг макарон, 500 гр шәй, 5 литр күнбағыс майы және 5 кг еттен салынып 16 отбасыға үлестірген.
Байзақ ауданы, «Байзақ баба» мешітінің бас имамы, Рамиз Азизовтың ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 20 отбасыға көмектер беріліп, азық-түлік өнімдері табыс етілген.
Шу қаласы, «Жәми» мешітінің бас имамы, Қасымов Әбдірасул қажы, өкіл имам тапсырмасы бойынша 10 отбасыға қайырымдылық жасап, 3 отбасыға кілем, Төлеби мектебіне 1000 теңге, жеке бір отбасыға 5000 теңге берсе, арнайы 2 қой сойып 10 отбасыға үлестіріп берген.
Шу ауданы, аудандық мешіттің бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы, ауданға қарасты Әуезов атындағы орта мектебіне көмек қажет ететін 10 жетім балаға мектеп сүмке, оқуға арналған құрал-жабдықтарын табыс еткен, тұрымысы төмен отбасыларға да заттай көмек жасаған. Сонымен қатар, мешітке келген ата-аналар мен балаларға Рамазан айының және Қадір кешінің қасиеті мен сауаптары туралы уағыз насихат айтып балаларға батасын беріп, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Мүбәрак Рамазан» атты кітабын тарту етті.

Мойынқұм ауданы, аудандық мешіт тарапынан жағдайы төмен 20 отбасыға 1 қап ұн, 5 кг қант және 1л сұйық майдан таратылды.
Сондай-ақ Қадір түні құрметіне аудандық мәдениет үйінде қайырымдылық діни ән кеші болып өтті. Бұған аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы М.Көшкінбаев және жалпы жамағат қатысты.

Міне өкілдікке қарасты аудан имамдары қайырымдылық іс- шара ұйымдастырып, Қадір түнін құрметтеп, елге мерекелік көңіл-күй сыйлап, жақсылыққа жаршы бола білді.


26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

