Алла Қасиетті Құран аятында Рамазан туралы;
Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар. (Бақара сүресі 185 а ) деп үгіт қылады.
Алла сөзінде айтқандай,бұл айдағы құлшылықтар арқылы біз үшін оңайлық қалайды.Аштықпен шөл арқылы сынау арқылы,бәлки бізді қинағысы келмейді.Керісінше қарын тойып,шөлін қанғаннан да қайырлы нығмет рухани кемелділікті сыйлайды.Адам болып өмір сүрген соң тек дене қажеттілігі,ішіп жеу,құмарлыққа,күнәға жақындылыққа табиғатымыздан құштар болып келеміз.Дене құштарлығы нәпсімізбен әлек болып,рухани құндылықтарға көңіл бөле бермейміз.Алла бір ай бойы дене құштарлығынан тию арқылы,бізге рухани құнды дүниелерге көңіл бөлгізеді.Олар иман,қанағат,мейірім,ынсап,қамқорлық,сияқты құнды дүниелер.Бар болсың,бай болсың қарны ашқан кісі қарны аш кісінің жағдайын,өзі ауызашарда қазы-қарта жегенде жоқшылықтан азын аулақ асын талғажау қылып отырған кедейдің күйін,шөлден аузы кеуіп,шөліркегенде қара сумен қара нанмен күнін өткізіп,ыстық асқа аузы тимей жүрген жоқ-жітіктің халін шүбәсізтүсінеді.Өзінің қу нәпсісінің күйін күйттемей,өзгелерге жүрегінде мейіріммен қамқорлық орнайды.Отыз күн өзіндік машахатымен созылар ораза бізді осындай рухани кемелділікке алып шығады.
Дін қызметкері имамдар ел арасында осы құндылықтарды насихаттайды.Сондай-ақ оны уағыздаумен ғана шектелмейді.Рухани тұлға ретінде оны іс жүзінде жүзеге асырады.Осы бағытта біз аудан көлемінде қасиетті Рамазанның бағалы уақыттарын пайдалана отыра, «Жоқ-жітікке қарайлас» деген тақырыпта қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық.Әрбір имам жиылған пітір садақадан өз шама-шарқына байланысты ауылдарынан мұқтаж жандарға көмектесті.Олардың бірі жетімді киіндірсе,бірі мүгедектерге қаржылай қол созды.Бірі мектеп оқушысын киіндірсе,бірі жесір кісінің айтқа жаяр дастарханын әперді.Қой сойылып,көже қатық қылар еттен жоқ-жітіктерге таратылды.Жалпылама аудан көлемінде қырық елуге жуық отбасыға мешіттер тарапынан көмектер көрсетілді...
Бұл акциядан алар нәтиже,елді имандылыққа қамқорлыққа баулу,сондай-ақ елге үлгі болу,Ақиқатында Алланың Елшісі С.Ғ.С -Өзгелерге мейрімді болмағанға мейірімділік қылыңбайды.-деген.Мейірімділік жұмсақтық құлшылықтардың қабыл болуының сара тәсілі.Алла ашық та жасырын істеген қайыр амалдарымызды қабыл етсін.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы











26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

