Күні кеше қасиетті Рамазанның өмірімізден ешбір күнімен түні оған тең келмейтін ең қымбат кезенің өткіздік. Ол әлбетте көкте құрметті жерде қадірлі болған қадір түні. Өмірімізде неше күліп өткізген,не ұйқысыз атырған таңдарымыз бар.Бірақ бұл түн бәрінен де ерекше,әрбір сауапты ісін мың айлық өміріне жетердей қазыналы,ырысты.Аудан көлемінде бұл түнді жұртшылық бей-жай жіберген жоқ.
Елдің атқа мінер ағаларынан бастап,ақсақалды қариясымен ақ жаулықтың аналары,тіпті буыны қатпаған жас буын ұл қыздарының өзі ыждаһатпен қарсы алды.Аудан мешіттерінің есіктері исі мұсылман қауымға айқара ашылып,таң сәресіне дейін құлшылықтар жасалды.Орталық аудандық мешіттің ауласында жұртшылыққа аудан прокуроры Әділов Нұржан өз отбасымен және қызметтес серіктерімен бірге келіп дастархан жайып,ауызашар берді.Ауызашарға ауыл қариялары,мешіт жамағаттары,сондай-ақ аудан әкімі Құлекеев Батырбек және әкімнің орынбасарлары Бесбай Қансейітұлы,Нарбай Әбілқасымұлы,сондай-ақ аудандық аурухананың бастығы ел қалаулысы Жұмашев Сейітхан сияқты елдің атқа мінерлері қатысты.Аудан әкімі Құлекеев Батырбек Әбдірасул ұлы жалпы мұсылман қауымын осы қайырлы болған түнмен құттықтап,елге жұртқа ауызбіршілікпен аманшылық тіледі.Ел ағалары жылы лебіздерін білдіріп,ауыл қариялары ыстық ықыласты баталарын беріп жатты.
Тарауых намазын оқығаннан соң аудандық мешітте қадір түнінің құрметіне орай,мектеп табалдырығындағы жасөспірімдер арасында Құран жарысы өткізілді.Жарысқа он үш жастан бастап, төрт жастағы бүлдіршін балаға дейін қарасы жиырма жуықтап қалған жасөспірім қатысты.Жүлделі бес орынның әуелгісін он сүреден мүдірмей жаңылмаған бар болғаны төрт жасар бүлдіршін жеңіп алды.Осы арқылы өсіп келе жатқан жас буынның Құранға деген ыстық ықыласын ыждаһатын көрген бізді де бір қуантып тастады.Аудан имамы Кенжемолдаев А жүлделі орынды өз қолымен тапсырып,басқа да ынталандыру сыйлықтарын тарату үшін,балаларға Ислам дүниесінен жан-жақты сұрақтар қойды.Жасөспірімдер жарыса жауап беріп жатты..Құранға деген қызығушылығын,ата-баба діні Исламға деген құштарлығын арттыру үшін атқарылған бұл қайырымдылық іс шаралар,келер ұрпаққа мол сабақ,нәтиже әкеледі деп ойлаймын.Құран жарысынан соң таң сәресіне дейін аудан имамы Кенжемолдаев А жалпы жұртшылыққа уағыз насихат айтып,сұрақтарына жауап берді.Сосын жалпы жұртшылық мешітте жайылған дастарханнан сәресін ішіп,таң намазын оқығаннан соң үй-үйлеріне тарқасты.Қадір түні осылайша біз үшін табысты өткізілді.
Жуалы ауданы
Абылай Сәрсен




26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

