Аудандық Ішкі істер бөліміне қарасты күзет қызмет басқармасының және аудандық «Толымбайтегі Зиябек»мешітінің ұйымдастырумен аудандық қазынашылық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында Суицид тақырыбында,яғни өмірдің құны қасиеті тұрғысында семинар өткізілді.Рамазанның қасиетті күндерінде бұл пікір алмасу көп пайда әкелді.Семинар барысында сөз алған взвод командирі полиция аға лейтенанты Артаев Бердіхан қазіргі күнде орнығып отырған күзет басқармасындағы қызмет етіп жүрген азаматтардың арасындағы өз-өзіне қол жұмсау көбейгендігін әңгіменің өзегіне айналдырды.Сөз барысында аудан имамы Кенжемолдаев Алмас Рысханұлына сөз беріп,шариғат тұрғысында өмірдің құнын түсіндіріп беру үшін сөз берілді.
Аудан имамы Кенжемолдаев Алмас Рысханұлы уағыз тақырыбында әуелде өмірдің құны,шариғаттағы ең ауыр күнә біреудің жанын жазықсыз қию,яғни Құран ұғымында бір кісінің өлтіру бейне бір бүкіл адамдарды өлтіргендей ауыр күнә екендігін түсіндірді.
-Бір кісінің өлімі бүкіл кісілердің өліміндей,яғни бір кісінің өмірі осыншалық құнды.Оны қию бүкіл адамзаттың басына келер қасіретпен тең.Адам өзгенің жанын қиюдың өзін қасірет санағаны сияқты,өз жанын да қиюды зор қасірет ретінде түсіну керек.Өйткені ешбір кісі өзгенің не өзгенің жанына еге емес.Ол бұл жалған дүниеде берілген Алланың аманаты.Өмірде қандай қасірет көрінседе адам өзгенің не өзінің жанын қиюға ешбір хақысы жоқ.-деп аудан имамы Кенжемолдаев А сөзін тиянақтады.Өзара сұрақтар беріліп,әсіресе осы мырза Рамазан айы туралы әңгімелер қозғалды....
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы




26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

