Қордай ауданы Әкімінің ауыз ашар дастарханы.

Қордай ауданы Әкімінің ауыз ашар дастарханы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазанда қарапайым халық пен қоса мемлекетік қызметкерлерде ауыз ашар беріп сауаптан құр қалмауда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алматы қаласында ауыз ашар беріп, өзі өзгелерге үлгі болып отырғаны баршамызға мәлім.Қордай ауданының жаңа тағайындалған әкімі Нұрлан Сәбитұлы Календеровте Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның: «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаушыларды құрметтеп, ауыз ашар берсе ораза ұстағандай сауап алады» деген хадисін басшылыққа ала отырып жамағатқа арнап ауыз ашар берді.

 

Нұржан Сәбитұлы өзінің бұл сауапты ісін Қадір түніне белгілеп өткізіп, аудан әкімінің дастарханына аудандық «Қордай» мешітінің жамағатынан 100 адам, барлық ауылдың ақсақалдары, құрметті зейнеткерлер, ауданымыздың мекеме мен басқармалар басшылары және дін қызметкерлері, жалпы саны 400 адам шақырылды. Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай қасиетті Құраннан аяттар оқып, Жаратушыға дұға жасады.

 

Беташар сөзі де Ә.Шалбайға беріліп, бас имам аудан басшысына өзінің разылығын білдіріп, Рамазан айының кереметтілігіне, ауыз аштырушының алатын сауаптарына және мүбарак болған Қадір түнінің қасиеттеріне ерекше тоқталып уағыз насихат айтып, бүгінгідей бейбіт заманның қадірін сезініп, Жаратушыға жақсы істермен жақындауға үндеді. 93 жастағы Қайым ақсақал жиналған қауымды ұлық ай Рамазан құттықтап, аудан басшысына қариялық батасын берді. Құрметті зейнеткер, Кенес қажы өзіне берілген сөз кезегінде барлық мақтау тек бір Аллаға тән екенін айтып, дұға тілектерді тек қана бір Алладан тілеу керектігі жайлы Исламның басты талабын еске салып, жиналған қауымға, дастархан йесі Нұржан Сәбитұлына жылы лебіздерін білдірді.

 

Мерекелік кешті дін жанашыры, аудандық «Қордай» мешітінің алқа мүшесі, қоғам қайраткері Бақыт Байтөле жүргізіп, кешті өзінің өнегелі әңгімелерімен, орынды әзірлерімен әрлеп отырды. Жиналған қауым аудан әкімі Н.С Календеров мырзаға өз разылықтарын білдіріп, бір жылда бір келетін, түндердің патшасы Қадір түнін мешітке өткізуге беттеп, аудан әкімі де халықпен бірге Алла үйіне жол тартты. Осындай керемет кешті ұйымдастырушы азаматтарға алғысымыз шексіз.


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/6WjIB.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/9jWMO.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/I6h9G.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/i72NP.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/GAuBP.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/sAdFU.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: