Киелі Қордай жеріндегі Қадір түні!.

Киелі Қордай жеріндегі Қадір түні!.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мінекей көптен асыға күткен құт айы Рамазан да өзінің соңғы күндерін өткізіп, қасиетті мол Қадір түніне жеттік. Қадір түні - ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні.

 

Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Бұл түнде қадірлі үмметке қадірлі Кітабымыз түскен. Ол жайлы Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік. Ал, саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) - таң атқанша сәлем!» (Қадр, сүресі). Құран Кәрім - мұсылмандар өміріне басшылық ететін, пайда мен зиянның, жақсы мен жаманның, тура жол мен адасудың ара жігін ажыратып беретін баға жетпес құнды кітап. Олай болса, мүминдер үшін бұл кітап түскен түннің қадірі аса жоғары екендігі сөзсіз.Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деген:

 

«Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады». Мінекей Қордай халқыда қадірлі болған Қадір түнінің қасиетін біліп мешітке қарай ағылды. Мешітте ауыз ашар ұйымдастырылып, мешіт қызметкерлері жамағатты құшақ жая қарсы алды. Аллаға шүкір келушілер саны күрт өсіп мешітімізге сыймай қалды. Халықпен бірге ел ағалары да мешітке ат басын тіреді, нақтылап айтсақ Жамбыл облысы Әкімінің орынбасары М.С. Жолдасбаев және Қордай ауданының Әкімі Н.С Календеров келіп жиналған жамағатты Рамазан айымен және қадір түнімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

Жамағатпен бірге бір сапқа тұрып, құфтан намазын оқып, әлемдердің патшасы болған Алла тағалаға маңдайларын сәждеге тигізді. М.С Жолдасбаев және Н.С .Календеров мырзалар мешіт ауласын аралап, Алла үйінің тыныс тіршілігімен танысып, жақсы жаңалықтар мен қуантып, игі бастауларға себеп болуға тырысатындарын жеткізді. Аудан Әкімі Н.С Календеров жиналған жамағатқа ауыз аштырса, облыс әкімінің орынбасары М.С. Жолдасбаев қадір түнін күткен жамағатқа, сәресін беруді өз мойнына алып, кең дастархан жайып мұсылмандардың разылығына бөленді. Ел-жұртқа Қадір түнін пайдалы ету мақсатында Қордай ауданының бас имамы бастаған мешіт қызметкерлері халыққа, Алла тағала турасында, Мұхаммед Мұстафаның с.ғ.с өнегелі өмірі жайлы, Қадір түнінің қасиеті және Құранның артықшылығы жайында уағыздар айтты.

 

Тарауих намазы оқылып, бір ай бойы оқылған Құран осы қадірлі түнде хатым жасалынып, бас имам Ә.Шалбай хатым дұғасын жасады. Жиналған қауымның сөзіне жүгінсек бұл түн ерекше түн, рухани баю түні, мұсылмандық бауырмашылдықты нығайтатын түн, иман деңгейінің көтерілуіне үлкен септігін тигізген түн болды деп разылықтарын білдіріп, М.С Жолдасбаев жайған дастарханнан ауыз тиіп сәресін ішіп, таң намазын оқып үйлеріне қайтты. Я Раббымыз, осы түнде қылған құлшылықтарымызды қабыл еткейсің!

 

Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

2013-08-04

06:44:45 

http://gifok.net/images/2013/08/04/HrlDR.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/oPdkG.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/Mr75.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/M3CiN.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/KR7Ez.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/m284b.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/04/QlHy2.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: