Рамазан айындағы көмек көрсету.

Рамазан айындағы көмек көрсету.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан жомарттық айы екені барша мұсылманға анық нәрсе, Ардақты елші с.ғ.с «Жесірлер мен мұқтаждарға көмек беруші, Аллаһ жолында күресушілермен және күндіз ораза ұстап, түнімен намаз оқығанмен тең». (Абу Хурайрадан Тирмизи риуаят еткен) деген хадисі мұсылман қауымды осындай сауапты амалды істеуге ерекше шабыттандырады.

 

Қадір түнінің қарсаңында, жоғары аталған хадиске амал істеуге аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлерін ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай бастап, дайындық жасап, халықты Қадір түнімен сүйіншілеп, қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Нақтылап айтсақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, Д.Жұмабаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүгедектер және зағип жандарға арнайы түрде азық түлік қоржыны таратылды. Қоржынға 10 кг қант, 5 кг күріш, 25 кг ұн,10 кг макарон, 500 гр шәй, 5 литр күнбағыс майы және 5 кг ет кірді.

 

Күннің аптап ыстығына қарамастан мешіт қызметкерлері 16 отбасыға үйлеріне барып, Рамазан айымен оның ішінде мың айдан да қайырлы Қадір түнімен құттықтап қоржындарды таратты. Көмек көрсетілген жандар ұйымдастырылған іс-шараға дән риза болып, Рамазан расында халықтық мейрам екенін сезініп жатқандарын айтып, өз алғыстарын білдірді.Қолыңнан келген кезде басқа мұсылман бауырыңды қуантуға не жетсің десеңші!

 
Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/0QA9R.jpg

 

 http://gifok.net/images/2013/08/03/dAlN2.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/SMA0j.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/fc5qT.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/6hae4.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/wizst.jpg


 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: