Қадір түні құрметіне қайырымдылық жасалды.

Қадір түні құрметіне қайырымдылық жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны Қасиетті Рамазан айының ішінде, мың айдан да қадірлі бір түн Қадір түні. Осы Қадір түнінде жасаған ғибадаттың сауабы мол. Ал қайырымды іс жасап, өзгеге мерекелік көңіл-күй сыйлаудың өзі имандылық.


Бүгін, яғни тамыз айының 3 жұлдызы Рамазанның соңғы түндерінен іздейтін Қадір түнінің Құрметі үшін, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің әкімшілігі «Оразадан байғазы, Қадір түнінен қайырым» атты акция ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларға меркелік сауға ретінде тұрмыстық заттар тарту етті.
Аталмыш іс-шараны өкілдікке қарасты аудан-қала имамдарының да қолға алуын , ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажы тапсырған болатын.


Қайырымдылық істің басында өкіл имам өзі болып, жағдайы төмен отбасыларды көзден кешіріп хал сұрап 30 отбасыға , күріш, ұн, сұйық май, шәй, қант қатарлы заттарды үлестіріп берді.
Қайырымдылық жасаған отбасылардың қатырында 20 баланы бір өзі асырап алған Зүлфия есімді апайды жолықтырдық. Зүлфия апай өзінің екі баласынан басқа, Алла разылығы үшін бағып алған балаларының алдын үйлендірген болса, қолында бағып отырған баласының ең кішкентайының жасы 2 айлық екен. Сәбилерге қарап тұрып көзіңе жас аласың, қаншама жандар Алланың берген перзентінің қадіріне жетпей бауыр еті баласын далаға аяусыздықпен тастап кетеді. Ал мына ананы ойлап көріңіз жұпыны тұрмыс, жұқалтаң үйде тұрса да балаларға деген көңілі телегей теңіз. Өкіл имам батыр ананың ерлігіне тәнті болып, Алла разы болсын айтып дұға тіледі. Кішкентай сәбилердің жанарында өмірге деген құштарлық пен бағып алған аналарына деген мейірімнің сәулесі толқып тұрды. Жақынға жәрдемдесіп, қам көңілге қарайласу тек бүгін ғана емес, Алла қаласа әлі талай жалғасын таба бермек. Әр пенде бақытты болуға лайық, әр пенде өмірге құштар, ендеше оларға қарайласып, қуанышты көңіл-күй сыйлап, тарыққанға тура жол көрсету, дәстүрлі дініміздің кәусәр бұлағынан қанып ішіп, шөліркеген кенезесіне нәр сыйлау, араздасқанға ақыл айтып татуластыру, құлағанды қолтығынан демеп тұрғызу имандылықтың айнасы. Алла баршамызға береке, бірлік берсін!

 

 Көгедай Шәмерхан

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/zTuHf.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/s2pq3.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/FiQwT.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/AZs5n.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/UdMVR.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/03/UF6D7.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: