Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде, «Жамбыл облысы жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» аясында өңірде түрліше кездесулер ұйымдастырып келеді. Бұл шараны «Жамбыл облысытық Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі өз жетекшілігіне алып отыр. Бұл жолғы кездесу «Қазақ-Түрік» дарынды балалар лицейінде болды. Кездесу Үгіт-насихат тобының құрамында, Теолог Құттыбаев Дархан, «Жас патриоттар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мөрбеков, ҚМДБ-ның жастар ісі жөніндегі облысымыздағы өкілі, Аманбаев Ержан болды.
Бұл кездесу шараларының басты мақсаты төмендегідей: «Жастардың имани тәрбиесі» тақырыбында болды. Жастардың имани тәрбие алуға деген құлшынысы жақсы. Лицейдегі балалардың ынтасы, қойған сауалдары мамандарды дән риза етті.
Көгедай Шәмерхан