Аудан әкімі ауызашар берді.

Аудан әкімі ауызашар берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл қасиетті Рамазан айы шілденің ми қайнатқан шіліңгір ыстығында келгенімен оразаны ұстаушылардың қатары көбеймесе азайған емес. Әсіресе, мұсылманның парызын орындауға жастар ынталы. Сондай-ақ, қасиетті айда қайырымдылық танытуға, игілікті шаралар атқаруға ынталылар қатары да арта түсуде. Рамазан айында шамасы келгендердің жыл сайы атқаратын сауабы мол шараларының бірі ораза ұстаған жандардың аузын аштыру екені белгілі. Бұл сауапты істен аудан әкімі де қалыс қалмай, әр жылы Рамазан айында жамағатты жинап, ауызашар беріп келеді. Міне, биыл да аудан әкімі М.Шүкеев жамағаттың басын қосып, өткен сейсенбі күні кеште «Бағлан» мейрамханасында ауызашар берді.


Ауданның ауылдарынан келген жамағат ауызашар дастарханының басына жиналған соң «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р.Азизов аят оқыды. Асыға тосқан қауым ауыз ашып, кең дастархандағы мол ас-судан татып, жадырап қалды.


Ауызашарға жиналған қауымға аудан әкімі М.Шүкеев оразаларыңыз қабыл болсын деген тілегін білдірді. Ол тәуелсіздікпен бірге діліміздің жаңарып, дініміздің оралуы ел өміріндегі елеулі оқиға болғанын еске салды. Дін аражікті ашып, араздастырушы емес, әрқашанда достықтың, бірліктің ұйытқысы, бейбіт, берекелі өмірдің жақтаушысы болып қала беретініне назар аударды. «Ниеттерңіз қабыл болсын» дей отырып, жалпы қауымға денсаулық, бақыт, байлық, береке тілейтінін жеткізді.
Ауызашар дастарханы басында Рамазан айындағы игі тілектер де айтылды. Үлгілі ауылының имамы Т.Ахметов сөзге шығып, оразаның қадір-қасиеті жайлы әңгімеледі. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, сауапты іс атқарып отырған аудан басшысына алғыс сезімін білдіріп, келешектегі келелі істеріне табыстар тіледі.


Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ел ақсақалы Р.Шәметов ақ бата берді. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р.Азизов аят бағыштады.


Жиналған қауым аудан басшысы жасаған сауапты іске ризалық білдіріп тарасты.
Осы жерде «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р.Азизов жолығып, айтқан бір сауапты істі еске сала кеткен де артық болмас. Ол мұсылманның парызын өтеп жатқан жамағатқа деген Елбасының атынан келген сый жайлы еді. Ел Президенті атынан аудандағы орталық «Байзақ баба» мешітіне жамағат ауызашар кезінде дәм татсын деп үлкен екі жәшікте құрма келіпті. Әрқайсысында 12 қорапшадан құрма жемісі салынған. Имам бұл қорапшалардағы құрмадан ауруханада жатқандарға, мешіттерге береміз, Қадір түнінде жайылатын ауызашар дастарханына қоямыз деп отыр. Мұның өзі мемлекет басшысынан бастап ел басқарған азаматтардың Рамазан айының қадір-қасиетіне айрықша көңіл бөліп, сауапты істер атқарып жатқанын көрсетеді.

Имандылық иірімдері


Ауызашар берілді

Қасиетті айда «Тілеш қажы» мешіті әкімшілігінің мұрындық болуымен өткізілген ауызашарға облыстық «Һибатулла ат-Тарази» мешітінің наиб имамы Жәпек Ғалымбек, аудандық «Байзақ баба» мешітінің имамы Рамиз Азизов және ауыл ардагерлері мен қонақтар қатысты.
Алдымен облыстық «Һибатулла ат-Тарази» мешітінің наиб имамы Жәпек Ғалымбек ата-бабалар рухына Құран бағыштап, жерімізге тыныштық, елімізге амандық, болашақ жастардың жүрегіне иман нұры ұялай беруін тілеп дұға қайырды, құран оқылды.


Ауызашар барысында кезектесіп сөз алған азаматтар жастардың бойына сіңіру, ауызашар дәстүрінің олардың береке-бірлігін арттыру, ұйымшыл, қоғамшыл, кешірімшіл болып тәрбиеленуіне орасан мол ықпал ете алатыны жайлы ойларын ортаға салды. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рәмиз Азизов асыл дініміз Исламның құндылықтары, қасиетті Рамазан айының хикметтері мен ораза ұстаудың және ауызашар беру, ауыз аштырудың сауабы туралы кең көлемде уағыз-айтты, ақсақалдар баталарын берді.


Ауызашар ұйымдастырушылардың асыл дініміздің құрметіне орай, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтап, Алла ризашылығы үшін көрсеткен жақсы ниеті, жылы қабағы, ақ пейілдеріне келушілер де қош көңілмен риза болып тарқасты.

 

Қайырымдылық шаралары өріс алуда

 

Байзақ ауданының орталығындағы «Байзақ баба» мешітінің қызметкерлерінің ұйытқы болуымен аталмыш имандылық үйінде тұрмысы төмен отбасы мен жетім жесірлерге ауызашар беріліп, онда «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рәмиз Азизов сөз сөйлеп, ислам діні, рамазан айының қадір қасиеті, иігілікті істер туралы уағыз айтып, құран оқыды. Мұнан соң 13 балаға қайырымдылық шарасы көрсетіліп, азық түлік өнімдері салынған қапшықтар табыс етілді.
Рамазан айында өздеріне құрмет көрсеткен мешіт қызметкерлеріне жиналғандар ризашылықтарын білдірді.


Мұндай шара Қызыл жұлдыз ауылындағы «Бейшен ата» мешітінде де өз жалғасын тапты. Жамағат алдында «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рәмиз Азизов сөз сөйлеп, оразаның артықшылығы, зекет туралы уағыз айтты. Жиналған қауымға ауызашар беріліп, сауапты шараның соңында көп балалы аналардың отбасында тәрбиеленіп жатқан 13 балаға азық түлік өнімдері табыс етілді.
Өз тілшіміз.

 

http://gifok.net/images/2013/08/02/DjFmP.jpg 

 

http://gifok.net/images/2013/08/02/klQ5J.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/08/02/DH5z.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: