Бізге дінді үйретуші Аллаһ елшісі Мұхаммед с.ғ.с жомарттығымен үлгі болса, Рамазан айында бұл құлшылығын орындауға ерекше құлшыныс танытқан. Айша анамыз (р.а.) былай деп әңгімелейді: «Алланың Елшісі (с.а.с.) өте жомарт болатын. Ал рамазан айында одан да ерекше жомарттық көрсететін». Яғни, Пайғамбар (с.а.с.) Рамазан айында ғибадатта болсын, садақа беруде болсын, ерекше жомарттық танытатын. Мінекей бүгін бір топ Қордай азаматтары Рамазан айында пайғамбар с.ғ.с сүннеті сай амал жасап, бір бұқа сойып оны мұқтаж жандарға таратуға жөн көрді. Аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері етті көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, жалпы саны 25 жанұяға таратып шықты. Бас мүфти үндеуіне қолдай көрсетіп, игі іс шара ұйымдастырған Қордай азаматтарына Аллаһ разы болсын, деп шын жүректен разылығымызды білдіреміз.
Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы