«Һибатулла Тарази» мешітінде екі күндік семинар өтті.

«Һибатулла Тарази» мешітінде екі күндік семинар өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2012 жылдың 14 қазанында облыстық «һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл облысы  Ішкі саясат және Дін істері  департаментінің  ұйымдастыруымен  2  күндік  семинар болып  өтті.


Семинарға Жамбыл облысы Дін істері департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің  Ішкі саясат басқармасының өкілдері, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің  бас имамы  Д.Жұмабаев,  қала   және аудан  имамдары  қатысты. 


Отырыс барысында облысымздағы жалпы діни ахуал және өткен жылы қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының тарихи маңыздылығы мен рөлі және заң талабына сәйкес облыс көлемінде қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға имам-молдалар да өз үлестерін қосу керектігі айтылды. Қоғамда орын алып жатқан экстремизмнің  алдын алу  жайлы дәрістер оқылды.


Дәріс соңында  аталмыш мәселелерге қатысты сұрақтар мен  ұсыныстар айтылды.  Бұл жолы үш ауданның имам-молдалары дәріс тыңдады.  Бұл семинарға алдағы уақытта басқа да аудан, ауыл имамдары қатысатын болады.

 

 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: