Астанадан Жамбыл облысына Қазақстан Дін істер агенттігі аппаратының бас сарапшысы М.Өткелбайұлы келіп Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы Ғ.Қанашұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамы М.Жамантайұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Әлимұхаммедұлы бастаған топ, Тараз қаласындағы мекемелер, оқу орындары мен тәрбиелеу орталықтарынан бастап аймақтағы аудан, ауылға барып арнайы үгіт-насихат жұмыстарын алып барса, «Қазақстан-Тараз» телеарнасында тікелей эфирде кешкілік сұхбат жүргізіп, тікелей байланыс арқылы сұрақтарға жауап берілді.
Барған аудан, ауыл мекемелерімен, оқу орындары, мешіттерінде көпшілікпен пікір алмасып, сұхбаттар жүргізді. Облысқа қарасты Сарысу ауданы, Жаңатас қаласына барған топ мүшелерін ыстық ықыласпен Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары М.Жұмабайқызы мен Сарысу ауданы орталық мешітінің бас имамы М.Ақтөреев қарсы алды.
Сарысу ауданы әкімінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу жиналысы болды. Одан кейін үгіт-насихат Қаратау қаласы, Жамбыл аудандарында да жалғасын тапты. Аталмыш аудандардың имамдары да жиналысқа атсалысты. Бұл сапардың мақсаты халықты ынтымаққа шақыру, қоғамдық ортада болып жатқан мәселелерді талқылау, ортақ пікір алмасып ой бөлісу, жаңа заңның рухын жеткізіп Ислам дінінің құндылықтарын түсіндіру.
Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру. Теріс ағымға түсіп кетпес үшін кеңес беру. Қоғамдағы рухани моральдық адамгершілікті сақтау. Жоғарғы билік пен төменгі жүйенің арасына алтын көпір болуы. Діни пікір-талас болмас үшін ҚМДБ-ның пәтуәсін басшылыққа алу, мемлекеттік Ата-Заң ержесіне бойұсыну керектігін жеткізу аясында сөз қозғалды.
Көгедай Шәмерханұлы