Жамбыл облысына арнайы сапармен келген ҚР Премьер министрінің орынбасары Қырымбай Көшербаев Облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен бірге облыс көлемінде атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды аралап, Тараз жұртшылғынан хал сұрап, қыстың қамына жасаған дайындықтарымен танысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев және Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков бастаған кісілер бұрыннан сақталып келе жатқан қала ортасындағы тарихи кесенелерді аралап, «Қарахан» кесенесіне зиярат жасады.
Одан соң Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылына барған кісілерді Жамбыл ауданы әкімі Нұржан Календеров күтіп алып, «Айша бибі» кесенесімен таныстырды. Кесене басына Қырымбай Көшербаев арнайы бір бас мал сойып, аруақтарға құран бағыштады.
Ғайырфулла Амирбеков,
Жамбыл ауданының бас имамы.