16 желтоқсан еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай Шу ауданы, Сауытбек ауылындағы «Сауытбек» орта мектебінде аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының қатысуымен «Ата-ананы қадірлеу» тақырыбы бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында мектеп оқушылары ата-ананы құрметтеу жайлы шариғат талабына сай діни көріністер көрсетті. Аудан имамы Ислам дінінің жастарымызды мүлтіксіз тәрбиеге апаратын жол екенін және ізгі амалдарға жетелейтін асыл қазына екендігін түсіндіріп, халал мен харамның пайдасы мен зияны және мұндай жаман істерден аулақ болу керек екенін толығымен айтып өтті.
Имамға түрлі сұрақтар қойды және өз сұрақтарына тиісті жауаптар алды.
«Төле би» мешіті,
Шу ауданы.