Бас мүфти бастаған насихат тобы – Қарағандыда.

Бас мүфти бастаған насихат тобы – Қарағандыда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет бастаған құрметті қонақтар Қарағанды қаласына келді. Қарағанды қаласына қадам басқан қонақтардың қатарында ҚМДБ-ның аппарат басшысы Б.Мырзаев, наиб мүфти Қ.Заңқоев, оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков, баспасөз хатшысы А.Қонарбайұлы болды. Облыс әкімі Әбілғазы Қалиақпарұлының жеке қабылдауында болған дінбасы әкімдік ғимаратында облыс басшысының ұйымдастыруымен қала және аудан әкімдері, облыстық құқық қорғау органдарының жетекшілері мен өңірге қарасты бас имамдардың бас қосуымен өткізілген жиынға қатысты. Облыс әкімі Ә.Құсайыновтың төрағалық етуімен өткізілген жиында сөз алған


Қарағанды облыстық дін істері департаментінің директоры С.Тілекбаев, ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департамент бастығы Ж.Сайполдаев, Қарқаралы ауданының әкімі Х.Мақсұтов облыс төңірегіндегі діни ахуалдар мен сала бойынша атқарып жатқан іс-шаралардан баяндама жасады.  Өз кезегінде уақыт алға озған сайын өз өзгерістері мен талаптарын көлденең тартатындығын жеткізген дінбасы, ел халқының 70 пайызы ұстанатын Ислам дінінің рухани этикалық талап-ережелері мен адалдық, әділдік турасындағы тұстарына тоқталды. Асыл дінімізді ардақтай отырып, мақсаттас, мүдделес Отандастарымызды алда тұрған ізгі де асқаралы міндеттерді жүзеге асыруды көздеген ынтымақ пен бірлікке үндеді. Радикалдық, экстремистік бағыттағы жатжерлік Ислам атын жамылған әлдекімдердің жымысқы тапсырмасымен мұсылман жұртшылығының арасына жік салғысы келетін адасқан бауырларымызды бөлінбеуге, Отан, ел, дін мұраты жолында бірлесе қызмет етуге шақырды.

 

-       Қазір дінді өз пайдасына қарай бұрмалап, наным-танымдарды шатастырушылар көптеп кездеседі. Біз көтеріп отырған көкейкесті мәселе көршілес елдерде де күнтәртібінде тұр. Біз өз жеріміздің тыныс тіршілігімен сусындаған Отандық медреселер мен жоғарғы оқу орындарын ашып діни мамандарды көптеп тартумен аталған кемшіліктерді тоқтата аламыз. Әрине, бұған сабыр мен уақыт керек. Отандық тарих Исламмен байланысын ешқашан үзген емес, тіпті Ислам дәстүрлерінсіз қазақ мәдениетін елестете алмаймыз. Сол себепті әр кезде Ислам біздің рухани дамуымыздың негізгі ұйытқысы боп келді және де солай бола бермек, - деп түйіндеді сөзін Бас мүфти.

Өзекті басқосуда жиынға қатысушылар өз ой-пікір, көзқарастарын жеткізіп қоғам алдындағы белсенділіктерін көрсетті.

 

 

 

          Салтанатты шара мешітте жалғасты

 

Еліміз аумағындағы мешіттердің бір орталықтан басқарылып ауызбіршілікпен қызмет 

жасап жатқандығы тұрақтылық пен ынтымақтастығымызға үлкен демеу. Мемлекетіміз де мешіттер салуға көмектесіп, дініміздің көркеюіне қамқорлық жасауда. Дінге сенушілердің саны өсіп, асыл дінімізге деген ынтаның артуы қоғам өмірінің өзіндік бір ерекшелігіне айналды. Ислам діні ұлттың қайта түлеуінің, мемлекеттің жаңаруының үлкен ықпалды күші ретінде, қоғамымыздың ынтымағы жолында адамдарды бірлікке, өзара түсіністікке шақыруда. Ислам дінінің ең құндылықтарының бірі - мешіт. Мұсылман халқының ғибадат жасап, намаз оқулары үшін мешіт тұрғызудың сауабы мол. Мешіт салу бір кездері Алланың сүйген құлдары пайғамбарлар шұғылданатын қасиетті іс болған. Міне, сол пайғамбарлардан бастау алған игілікті істі сабақтастырып, Қарағанды  қаласының орталығынан ойып тұрып орын алған зәулім мешітке құрметті Бас мүфти бас сұғып, екі ракат сәлем намазын оқыды. Мешіт жамағатымен сұхбаттасқан Дінбасына облыс әкімі Ә.Құсайынов мешіттің тиісті құжаттарын табыстады. Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет  облыс басшысына Аллаһтың 99 мүбарак есімі толық жазылған, күміспен апталған сыйлықты тарту етті.

 

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық

мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: