Шу аудандық Төле би мешітіндегі жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады.

Шу аудандық Төле би мешітіндегі жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Осыдан бір ай бұрын Шу ауданы Төле би мешітінің жанында ұйымдастырылған жазғы лагерь өз мәресіне жетті. 30 ер бала жатып, 12 бала қатынап оқыды. Осы бір айдың ішінде әріп танымайтын балалар құранға түсіп, 10 шақты сүре, хадистер, күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар, намаз, дәрет алу сияқты ислам құндылықтарынан сусындады. Алған білімдерінен сынақ қабылданып, балаларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Жиналған ата-ана қауымына рамазан айына байланысты біраз сұрақтар қойылып, жауап берген кісілерге сыйлықтар берілді. Аудан бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы жиналған ата-аналар мен көпшілік жамағатқа білім туралы және рамазан оразасы туралы уағыз айта келе, осы шараға демеушілік жасаған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, дұға жасады. Ата-аналар мешіт ұжымына және Һибатулла-Тарази медресесінен келіп дәріс берген шәкірт ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, келешекте осындай ізгі істер жалғасын тапса екен деп, үлкен қуанышпен тарасты.

 

 

 http://gifok.net/images/2013/07/03/a4Fnq.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/03/olkfE.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/03/Nc3f.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/03/D5jOE.jpg

 


Шу аудандық Төлеби мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: