«Рахман-Рахим» мешітінде діни сауат ашу курсы өтуде.

«Рахман-Рахим» мешітінде діни сауат ашу курсы өтуде.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді.» - деген (Табарани).


Хадис шәрифте мұсылмандықтың адам санасында орнығып қалыптасуында немесе жойылуында балалық, жастық шақтағы атқарылатын істердің маңыздылығы білдірілуде. Олай болса әрбір мұсылманның бірінші міндеті - баласына ислам дінін және Құран кәрімді үйрету.
Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Балаларына Құран кәрім үйреткендерге немесе Құран кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран кәрімнің әр бір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі киіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады.» - дейді (С. Әбәдийа).


Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та'аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады.


Мешіттің имамы Миразизов Нұрматжанның ұйымдастыруымен мешіттің дәріс бөлмесінде діни саут ашу курсы жұмыс жасап келеді. Құран кәрім үйренуге келген балаларға «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Ахметов Арипжан қари ұстаздық етуде. Бүгінде балалар қасиетті Құран кәрімнің бетін ашып мәнерлеп оқиды, қирааттап жаттай алады. Сондай-ақ, олар рухани танымдық пәндерді де оқып үйренуде. Балаларын Ислам мінезімен тәрбиелегендер қандай бақытты адамдар...

 

 

http://gifok.net/images/2013/07/02/H1T85.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/02/zFj4m.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/02/BDoNr.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: