Рамазан айына дайындықтар қарастырылды.

Рамазан айына дайындықтар қарастырылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Рамазан айында Алладан мейірім тілеп,кемелдікке ұмтылу мен иманын жетілдіру  иісі мұсылманның арманы. Әр мұсылман сол үшін де іштей жоспар жасап, бұл айға рухани тұрғыда өте жоғарғы дайындықпен қадам басады.

 

Күні кеше Жамбыл облысы Жуалы ауданында аудан,ауыл имамдарының  осы мақсатта кезекті жиналысы өтті. ҚМДБ-ның тарапынан берілген Рамазан айына байланысты тапсырмалар жиналыстың өзекті те басты тақырыбына айналды. Рамазан айының күндеріндегі жұма намазының тақырыптары біркелкі пысықталып, Рамазан құндылықтарынан қосымша пікір алмасу жүргізілді. Рамазан  ол жалпы иісі мұсылманның төл мерекесі болғандықтан, оны тек ораза ұстаған жандар ғана емес, жалпы ел  сезініп, мереке ретінде тойлануы тиіс.

 

Сол үшін де ішкі саясатпен ауыл әкімшілігімен бірлесе қайырымдылық іс-шаралар атқарылып, осы айда ортақ жүйелі түрде жоқ-жітікке, жетімдер мен міскіндерге көмектесуге ниет қылынды. Сондай-ақ Рамазан айымен құттықтау ниетімен бүктемелер, ораза кестелері  таратылып, көшелерге баннерлер іліну көзделді. Ауыл молдаларына ораза тақырыптарында аудандық газетпен ҚМДБ-ның насихат құралдары Иман журналы мен Ислам және өркениет газетіне, облыстық Hibatulla.kz сайтына  т.б осы сияқты қолжетімді БАҚ құралдарына мақалалар жазу тапсырылды. Сондай-ақ мешіттердің құжаттандару мәселелері, ол жердегі олқылықтар, Салық Басқармасына есеп беру, мешіт аулаларын таза ұстау, көріктендіру, тарауық намазын мешіттерде оқу мәселелері де қалыс қалмады.

 

 

Жамбыл облысы  Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: