Мамыр-маусым айларының қорытынды жиналысы.

Мамыр-маусым айларының қорытынды жиналысы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдеттегідей ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай бұйрығымен Қордай ауданының ауыл имам-молдалары мамыр-маусым айларында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы мақсаттарды айқындауға аудандық «Қордай» мешітіне жиналды. Медресе ғимаратында қыз балаларға арналған сауат ашу курсының дәрістері өтіп жатқандықтан, жиналыс Алланың үйі мешітте өтті.

 

Жиналыста Ә.Шалбай өткен екі айда атқарылған іс-шараларға тоқтап өтіп, ауыл мешіттерін аралау барысында байқаған кейбір кемшіліктерді айтып, оларды жою жолдарын пысықтай келе, ауыл имамдардан осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстарынан есеп алып, басқа да ауылдардан байқаған жақсы жақтарында айтып осы ауыл имамдарынан үлгі алуды өтінді. Жиналыстағы ең өзекті мәселе әрине қасиетті Рамазан айына дайындық болды.

 

Осы мәселе бойынша Ә.Шалбай өткен Жамбыл облысы ҚМДБ өкілдігінде өкіл имам Д.Жұмабаевпен өткен жиналыстағы мәселелерге тоқтап, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлының берген тапсырмаларына жеке-жеке тоқталып өтті. Бас мүфти тапсырмасы бойынша мешіт ғимараттарын, ауласын жөндеуден өткізіп, қасиетті Рамазан айына мешіт ғимараты мен ауласын әшекелеуге бұйырып, мерекелік атмосфера жасауға шақырды. Ауыз ашарлар ұйымдастырып, оларға жетім-жесірлерді, ардагерлерді,шәкірттерді ,қоғам қайраткерлерін және өзге ұлт өкілдерінен Ислам дінін қабылдаған мұсылман бауырларымызды шақыруды тапсырды.

 

Тағы бір өзекті мәселе әрбір имамның шәкірт дайындау мәселесі болды, осы мәселеге немқұрайлы қарамай ат салысуға шақырып тіпті бұл істің сауабы ақыретте өте зор екенін еске салып өтті Ә.Шалбай мырза. Имамдарға өз елді мекендерінде атқарылып жатқан іс-шараларды облысымыздың діни сайтына жіберіп, сайтпен көп жұмыс істеуді тапсыра келе, жалпы қазіргі заманның имамы ол жан-жақты сауатты, озық технологияларды оның ішінде компьютерді жетік меңгерген адам болу қажеттігін тілге тиек етті бас имам. Жиналыс соңында мақсаттар анықталып, алдағы жұмыстарға сәттілік тілей келе Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Таным тұғыры» атты кітабын ауыл имам-молдаларына сыйға тартты.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/MxDcS.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/swdbC.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/5Bz34.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/lFcdP.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/R0Qt.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/YjDHl.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: