Аудандық газеттердің тілшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтау.

Аудандық газеттердің тілшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтау.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Журналист әріптестеріміз өз кәсіби мерекелерін тойлап, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан өздеріне лайықты сый-сияпаттарын, қошеметтерін көріп көңілдері орныққаннан кейін Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай құттықтаудан шет қалмай, аудандық газет беттерінде өздерінің діни мақалаларымен және аудандық мешіт қызметкерлерінің діни мақалаларының газет беттерінде жарық көруіне өз үлестерін қосып жүрген тілшілерді құттықтады.

 

Ол үшін бас имам Ә.Шалбай арнайы аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлын газет редакцияларына жіберіп, тілшілермен дін мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, сұхбаттасуды тапсырды. Д.Жандосұлы «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің қазақ бөлімінің меңгерушісі Әлібек Оспановқа және қоғамдық «Кәсіпкер жаршысы» газетінің редакторының м.а Шолпан Сабанова ханымға ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай атынан алғыс хат беріп, бірнеше діни кітаптар сыйға тартты.

 

Д.Жандосұлы аталған журналистерге асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға қол ұштарын созып, барынша көмектескендеріне алғысын білдіріп, осындай екі жаққа да тиімді байланысты үзбей, қайта күшейту қажеттігін тілге тиек етіп, мешіт қызметкерлерінің басты міндеті дін насихаты екенін айтып, оның тиімді жолы ауданымыздың түпкір-түпкіріне жететін газет беттерінде діни мақалалар шығару екенін атап өтті. Журналисттер қауымы аудан имамы Ә.Шалбайға өз ризашылықтарын білдіріп өз алғыстарын мешітіміздің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы арқылы жеткізіп, әрдайым қоян қолтық жұмыс істеуге әзір екендерін білдірді.

 

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/5RUTb.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/mqQFd.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/01/bneVM.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: